Мұраты асыл Мұрап
Шиелі жұртшылығына есімі етене таныс Әлияр Сейітов биыл – 65 жаста. Елге еселі еңбегімен танылған ардақты азаматтың аудан тарихында алар орны ерекше. Ол 42 жылдан бері «Шиелісушар» өндірістік учаскесінде гидротехник қызметін атқарып келеді. Одан бөлек сегіз жылдан аса уақыт алма бағын өсіріп, одан мол өнім алып жүр. Тек алма емес, оның егістігінен бал татыған қауын-қарбыз, жеміс-жидек пен гүлдің түр-түрін кездестіресіз. Осы ретте саялы бақтың өнімін ел игілігіне үлестіріп, ауыл халқының алғысын арқалап жүрген Әлияр Сейітов ағамызбен сұқбат жүргізгенді жөн деп таптық.
– Әлияр Мұхамедиярұлы, ең әуелі өзіңізді келіп жеткен төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдымен сіздің өмір жолыңызға аз-кем шолу жасасақ?
– Мен 1957 жылы 25 мамырда Алмалы ауылдық округінде дүниеге келгенмін. 1974 жылы №181 мектепті ойдағыдай тәмамдаған соң, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына инженер-гидротехник мамандығына оқуға түстім. Еңбек жолымды 1979 жылы Шиелі ПМК – 31 мекемесіне ұста (мастер) болып бастап, 1981 жылы «Шиелісушар» мекемесінде инженер-гидрометр болып кірдім. Әкем Мұхамедияр Сейітов аталған мекеменің порторгі болатын. Мен «Шиелісушар» өндірістік мекемесінде әкемнің қарамағында 4-5 жыл жұмыс істедім. Содан институтта алған білімімді іс жүзінде жүзеге асырдым десем болады. Осы кезден бастап адамдармен жұмыс істеу, канал қазу, су тоспаларын салу мен су өлшеудің тәсілдерін әкемнен үйреніп, №2, №4, №6 бөлімшелерінің бастығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің аға инженер-гидротехник қызметін абыроймен атқарып келемін. 1983 жылы облыстық су шаруашылығының бұйрығымен Өзбекстанға Бекабад қаласына бір ай мерзімге іс сапарда болдым. Сол 1983 жылы Андровтың кезінде Фархад су қоймасынан түсетін Сырдария өзенінің суын реттеу жөніндегі жұмыстарға қатыстым. Жұмыс барысында Л-4, жаңа САС каналдары, Бәжі каналдарына қазылуына өз үлесімді қостым.

– Аға сіздің «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұстанымыңыздың нәтижесі көз алдымызда. Одан бөлек бақшаңыздан ерекше жайқалған гүлдердің түр-түрі бар. Бұл гүл өсіруге қалай қызықтыңыз. Осы турасында айтып өтсеңіз?
– Өзбекстанның Бекабад қаласында іссапармен болдым дедім ғой. Ол жақта Қазақстанға кіретін суды арнайы гидрометрия деген құралмен өлшедік. Сондағы менің байқағаным Өзбекстанның қай су тоспасына барсақ та гүл мен ағаш, алма, тұт өсіріп қойған.

Менде көп ойланбастан «Үлкен адам болу үшін ғаламда, Үлкен арман болу керек адамда» деген М.Шахановтың сөзін өзіме мақсат тұтып, көрші ағайындардан «қалампыр» және «пандық раушан» гүлдерін әкеліп отырғыздым. Өзім басқарған 4-5 учаскеге гүл-ағаш отырғызып тастадым. Бүгінде барлығы да жайқалып, өз жемісін беруде. Қазір гүл өсіру, бақша баптау менің сүйікті хоббиіме айналды.
– Біреуге гүл сыйлап, сыйға гүл алу әсіресе нәзікжандарды ерекше сезімге бөлейтіні рас. 1983 жылдан бері гүл егуді қолға алып, қазір жерлестеріңізді бақ өсіруге үндеп келесіз. Тіпті соңғы жылдары мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге гүл шоқтарын ұсынуды дәстүрге айналдырдыңыз.
– Қазақта «Гүл сыйласаң, иісі қолыңда қалады» деген керемет тәмсіл бар. Сондықтан гүл сыйлау – балаларды тәрбиелеудің бір түрі. Бүлдіршіндер мектепке барар күнді асыға күтеді. Өйткені бұл қадам үлкен армандардың бастауы болмақ. Білім мен ғылымның ғасырында балалардың алғашқы қадамдарында-ақ құлшыныс пен ұмтылыс байқалып тұруы тиіс. Бұл бастама арқылы біз балаларға табиғатты сүюге, бойларына ізгілік пен мейірім нұрын құюға тырысамыз. Қазіргі кезеңде балалардың табиғатқа жақын болып өсуіне жағдай жасау арқылы оларды табиғатты құрметтеуіне, келешекте айналаны таза ұстауына, көгалдандырып, гүлдендіруге баулимыз. Мен жылда бірінші сыныпқа баратын 4 ауылдың балаларына гүл сыйлап келемін. Гүл дегеніміз әдемі ғой. Ал әдемі нәрсені сыйға алу қуанышқа бөлейді. Әлбетте, балалардың қуанышы – қуаныштардың төресі. Баланың шат күлкілері мен бақытты балалық шақтары біз үшін үлкен байлық. Бұл игі іс жыл сайын жалғаса бермек.

– Әр кәсіптің қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Бағбан болу тіпті оңай емес, иә?
– Иә. Әрбірден соң ішкі түйсік гүл өсірумен тоқтап қалғанын қаламадым. Арманым үлкен алма бағын егіп, саясында демалып, жемісін үлестіру және үлгі бола жүріп, жастарды еңбекке баулу болатын. Арманға жетелейтін мақсат мені 2014 жылы Түркістанның Бірлік ауылынан 160 түп алма ағашын өз қолыммен қазып, 2 сорт жаздық, 2 сорт күздік көшетін алып келуге жетеледі. Көшетті 3 жыл қатарынан 2014, 2015, 2016 жылдары белгіленген жерге 100 процентке ектім. 5 жыл өткен соң бағып қағып күткен ағаштар өнім берді. Бір кездегі 0,5 га аумағын алып жатқан сортаң, кебірге алма ағашының төрт сортын егіп, өнім алып, еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Әкемнің ізімен осынау кәсіпті жаныма серік еткеннің арқасында «Р-7» каналының 245-ші бекетінде орналасқан алма бақ жайқалып тұр. Атам қазақ «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ғой. Өздерің көзбен көріп тұрғандай №21 бекеттің кіре берісіндегі көз тартатын гүлдер алаңы мен жеміс ағаштарынан жайқалып, құлпырып тұрған бақ менің қолымнан шыққан дүниелер. Бұл жерге алманың «белый налив», «конфетка», «крепсон», «голден» түрлерін, жаздық, күздік төзімді 4 түрін отырғыздым. 10-15 күн сайын алманы суарып отырамын. Тіпті ағаш өсіруді бала тәрбиелегенмен пара-пар жұмыс екендігін жасырмаймын. Баланы туғанынан өмірдің ызғарлы желіне төтеп беретін бекем, берік қылып өсіруді мақсат тұтатындай ағашты да табиғаттың алапат күшінен аман сақтап, тамырын қаққан қазықтай мығым ету үшін күтімі, бабы мықты болу керек. Сонда ғана мол жеміс береді. Сонымен қатар 2021 жылы жеті ауданның арасында семинар өткіздім. Облыстық семинарға келген қонақтар гүлдің ұрығын алып кетті.

– Ауданда алма бағын жандандыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
– Сұрағыңыз орынды. Адам қай нәрсені көріп, соны қолымен жасап көрмегенше оны үйренуі қиынға соғады. Кез келген нәрсені қолыңмен ұстасаң ғана оңай үйрене аласың. Бұл бағытта ауданда көптеген семинарлар ұйымдастырып тұру керек. Мәселен, жастар менің егіп отырған алмам мен гүлді көрсін. Бізден келіп сұрасын, егілу жолдарын барынша айтамыз. Ең бастысы адамда қызығушылық болуы керек. Менің еккен алмаларым кебір жерде өсіп тұр. Әр жылда әр қалай жеміс береді. Сосын бірінші жылы еккенде алатын жемістер 35-50 арасы, үш жылда жүз процентке келу керек. Бұған ең бірінші сабырлық болса, ал екінші ыждақаттылық керек. Менің айтатыным ең ыңғайлысы тұқымды басынан барып алуы керек. Болмаса көшеттерді орнынан қазып алып, бірден отырғызып тастасаң алып кетеді.

– Осынша жыл су саласында қызмет етіп келесіз. Мәселен, Дария деңгейі белгілі бір мезетте көтеріліп, кейде түсіп тұратыны белгілі. Соңғы уақытта дарияда су деңгейі төмен. Бұрын соңды осындай жағдай болған ба?
– 1981 жылы судың жоқтығынан дарияны байлаған кездеріміз де болды. Сосын 1997 жылдары осындай жағдай болды. Бұл өзі қайталанып тұрады. Бір жылдары қарлы, бір жылдары қарсыз болады. Қырғыз Алатауына қар көп жиналса сол жылдары су мол болады. Олар мол суды ұстап тұра алмайды. Сосын бері қарай жібереді. Көксарай су қоймасының салыну себебі де сол, Шардара толып кетсе жібереді. Шарадара 5 миллиард болса, ал Көксарайда 3 миллиард су жиналады. Су аз жылдары оның алғы шарттарын жасау керек. Бірінші мойыны ұзақ каналдарға және биік жерлерге егін егілмеу керек. Су кодексінде жазылған «Бір қамыс, бір литр» суды ұстайды деген. Сондықтан өзімізге келетін каналдардың табанын таза ұстау қажет.

– Қазір су шаруашылығы саласында сіздің ізіңізді басып келе жатқан шәкірттеріңіз бар ма? Біздің естіуімізше су мекемесінде осы мамандықты бітірген мамандар аз екен.
– Аталған мамандыққа жастар жалақысы аз деп келе бермейді. Сосын азаннан кешке дейін судың тоспаларын бақылап, сағаларын тексеріп жүру керек. Солармен етене араласып күннің астында жүргісі келмейді. Қазіргі жастардың бар ойы көлеңкеде отырса, айлығы көп болса деп армандайды. Осыдан ба, агроном, гидротехник мамандардан айырылып қалдық. Бұрын әр шаруашылықта екі гидротехниктан болатын. Қазір гидротехник маманы тапшы. Суды реттеу оңай емес.

– Аудандағы «Шиелісушар» өндірістік учаскелік мекемесіне сіңірген еңбегіңіз орасан. Осы кезге дейін қандай құрметке ие болдыңыз?
– Су шаруашылығы саласында өз қызметім мен міндетімді адал орындап, еңбек жолымда өзімнің ісіме жауапкершілікпен қарап келемін. Содан болу керек, ұжымда беделді, білімді, қызметте жоғары қызметтерге қол жеткіздім. 2012 жылы облыстық су шаруашылығы мекемесінің, Шиелі су шаруашылығы өндірістік учаскесінің «Құрмет грамотасы», 2013 жылы «Озат гидротехнигі» номинациясы, 2014 жылы Қызылорда филиалының «Құрмет грамотасы», 2015 жылы «Үздік гидротехник», 2017 жылы Қазақстан су шаруашылығы қауымдастығы ЗТБ «Су шаруашылығының ардагері» белгісі, 2019 жылы «Су шаруашылығының үздігі», 2021 жылы аудан әкімінен 2 мәрте социалистік Еңбек Ері «Ы.Жақаевтың - 130 жылдық» мерейтойлық медалімен марапатталдым.

Қоршаған ортаны құлай сүйген кейіпкеріміздің жан-дүниесінің сұлулығына да тәнті болдық. Табиғат сырына қанық қарапайым ғана азаматтан үйренеріміз көп. Еңбек етуге талпынған адамды Жер-Ананың құралақан қалдырмайтынына біз осы бағбан арқылы тағы бір көз жеткіздік.
Сұқбаттасқан Ш.Тілеубаев