Еліне пана, ініге жаға, өзі дара Жақсылық аға
Алаш баласы әрқашан ту көтеріп, тізгін ұстауы керек. Бұл – бабалар аманаты. Елдің рухын асыратын үлкен оқиғалардың бірі әрі бірегейі – спорттық додалар. Ұлттың ұланы әлемдік деңгейдегі сында атой салса, күллі Алаштың төбесі көкке көтерілетіні сөзсіз. Қылышынан қан тамған кеңестік кездің өзінде қазақ жұрты сондай батырын күтті. Иә, кеңестік кезеңде небір қиындықты көрсе де қыңбаған, солақай саясаттың салқынына «сынбаған» Жақсылық Үшкемпіровтың ерлігі – жас ұрпаққа үлгі. Ол аңыз адам болып қала бермек.
Жалған өмір, кім келіп кім кетпеген?! Жақсылық ағамның өмірден озғанына да екі жылдың бедері болыпты. Көп жылдардан бері сыртынан атына қанық болып жүргеніммен бетпе-бет жүздесу, пікірлесудің сәті 2018 жылы 23 желтоқсан күні түскен болатын. Алматыға барған кезімде біраз уақыттан бері Жақсылық ағамен кездессем деген ойымды іске асыру мақсатымен телефон шалдым. Ағам менің өтінішімді бірден қабыл алды. Телефон шалған күннің ертесіне қасыма адам қосып беріп, өзі қамқорлыққа алған Мыңбаев ауылының тыныс-тіршілігімен таныстық. Екі жігіт осы ауылда іске асқан игі тірліктерге шолу жасады. Ауылда Жақсылық ағамның жомарттығымен мешіт, балабақша, спорт мектебі, мәдениет үйі бой көтеріп, көшелер асфальтталған, газбен қамтылған. Қала берді бұл ауылда жұмыссыз адамның қарасы аз. Мал саласындағы ірі қара, жылқыны асылдандырып, сәйкесінше мал етін экспортқа шығару да жолға қойылған екен.

Ал кешке Жақсылық ағам Алматыдағы үйіне қонаққа шақырды. Бала-шағасымен таныстырды. Өзінің дене пішімі шағын болғанымен, жүрегі кең таза, қазақ халқы десе жанын беретін азамат екеніне сұқбаттасқан кезде көзім жетті.
Себебі 5-6 сағат әңгімелескенімде ағам қазақтың болашағын, әр қазақтың бай болуын ол үшін еріншек болмай, еңбек істеу керектігін, Алаштың әр баласы мықты спортшы болғанын қалайтынын қайта-қайта қайталап айтып отырды. Әсіресе, елдің негізі – ауылда. Сол себепті ауыл спортын дамыту керетігін тілге тиек етті.
Жүздесу барысында Мәскеу олимпиадасына дейін орыстың солақай саясатының арқасында көрген қиыншылықтарын сол кездегі қазақ елінің басшысы Дінмұхаммед Қонаев атамыздың спортқа қайта келуіне жасаған жақсылықтарын тебірене айтып берді.
Қолыма қалам алып естелік жазуым бұл – Жақсылық ағамды сағыну, аңсау. Көзі тірі болса, әліде қанша адамға қамқор, пана, жаға болар еді. Жақсылық ағам сияқты адамдардың қатары артса елдің сәні, дамуы, мейірім мен қамқорлық арта береді деген тұжырымым бар. Сол себепті бүкіл елге ағамның жасаған еңбектерін, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесімен сол арқылы елдің әл-ауқатын көтергендігін айта кетпесем болмас.
Жақсылардың жанында, даналардың назарында жүріп, олармен дәмдес, сұқбаттас болу өмірдің өлшеусіз бақыты мен дәулетіне ие болу деп есептеймін. Осындай бақытты мен Жақсылық ағаммен сұқбаттасқан кезде сезіндім.
Әлияр Сейітов,
21 бекет тұрғыны