Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада Жақсылық Үшкемпірұлының ескерткіші ашылады

Елордада Жақсылық Үшкемпірұлының ескерткіші ашылады

Елордада Жақсылық Үшкемпірұлының ескерткіші ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Былтыр тамыз айында қазақтың даңқты ұлы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпірұлы дүниеден өткен болатын. Дарабоз тұлғаны халқы ешқашан ұмытпайды.
Соның айғағындай, 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Әмірәлиевке орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты өтеді.
Бұл іс-шара сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылындағы Жақсылық Үшкемпірұлы атындағы спорт сарайының алдында ұйымдастырылады.
Мәскеу төрінде атой салған Жақсылық аға қазақ балуандарына, жалпы спортшыларына үнемі ағалық қамқорлығын көрсететін. Кәсіпкер ретінде мал шаруашылығын дамытып, бір ауылға шарапатын тигізіп, талай жасты жұмыспен қамтыды. Әзірше осы даңқты азаматтан кейін ешбір қазақ балуаны Олимпиада алтынын ала алмай келеді.

​https://egemen.kz​​​
06 қыркүйек 2021 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30