ҚЫРДЫҢ СӘНІ – ҚЫЗҒАЛДАҚ
Қойнауы құтқа толы қарт Қаратаудың төл перзенті қызғалдақ – дәл қазір таудың бауайында көздің жауын алып, қыр мен сайға сән беріп тұр. Ботаник-ғалымдардың айтуынша, жалпы жер бетінде осыдан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған жабайы қызғалдақтың қазір 100-ден астам түрі қалған екен. Оның үштен бірі біздің елімізде өседі.
Қызғалдақтың бір кереметі адамға ұқсайды. Адам секілді 60 жыл өмір сүреді. Даладағы таза, табиғи жауқазын тек 13 жылдан соң барып қана бүршік жарып, гүлдейді екен. Қазақтың «он үште отау иесі» дегеніне келіңкірейді. Он үшінші жылынан бастап тұп-тура 50 жылға дейін гүлдеп, құлпырып тұрады. Сосын қарт кісі сияқты семіп, сола бастайды. Қазақ бұрыннан «гүлді жұлма, обал болады» деп баласын табиғатты бағалауға баулыған. Ендеше табиғаты адамға ұқсайтын қызғалдақты адам сияқты қастерлеуіміз керек. Бұл – бізге міндет.

Аңызға арқау болған гүл
Қызғалдақ туралы қызықты аңыз көп. Соның бірі жаугершілік заманда бабаларымыздың қаны тамған жерге араға бірнеше жылдар салып қып-қызыл қызғалдақтар жайқалып шыққан дейді. Осылайша, қан майданнан қалған қызғылт дақтар уақыт өте келе қызғалдаққа айналыпты.

Қызғалдаққа қатысты тағы бір қайғылы аңыз бар. Ертеректе дәулеті тасыған сараң бай өмір сүріпті. Оның жан дегенде жалғыз қызы болған екен. Байлықтан басқаны білмеген әлгі адамға жалғыз қызым тұрмысқа шығып, бар жиғаным күйеу баланың қолына өтеді деген арам ой маза бермеді. Ақырында қыр төсінде кетіп бара жатқан қызына біреулер қанжар сұғып өлтіреді. Бейкүнә қыздың қаны тамған жерге жалғыз түп гүл өсіп шығады. «Қыздан қалған дақ қой» дескендер гүлдің атын қызғалдақ деп атаса керек-ті. Қызғалдақтың қыздың ғұмыры сияқты жарық дүниемен тез қоштасуы сондықтан екен.
Аңыздарда айтылатын қырдың қара қызғалдағы араға тоғыз жыл салып бір гүлдеп отырады екен. Алайда оны ұстауға болмайды. Киелі саналатын бұл гүл адамға кездесе бермейді. Ал көре қалған жағдайда гүлдің қай жерде өсіп тұрғанын тіс жарып ешкімге айтпаған адамның басына бақ қонады деседі.
Гүл мен тіл
Тіл – тарих, тіл – мәдениет, тіл – ұлттың өзі. Қазақ тілінде гүлге қатысты көнеден келе жатқан сөздер бар. Сарғалдақ, қызғалдақ, қалампыр, т.б. секілді көптеген гүл атауларын айтпағанда, гүлдің табиғатын тап басып, «жолыңа гүл бітсін», «қадамыңа гүл бітсін», «он екіде бір гүлі ашылмаған» деген тіркестер – сонау көне заманның бізге жеткен танымдық мұрасы. Гүлді тану мен оны бағалау арқылы қазақ тиісті жерінде оны теңеуге, ойды дәл жеткізу құралына айналдырған. Гүл сұлулықтың, нәзіктіктің, тазалықтың символы ретінде ұғымымызда орныққан. Осы таным бүгінге дейін халықтың жан әлемінде жасап, тілінде өмір сүріп келеді.

Гүл – жер мен адам арасындағы үйлесімнің дәнекері, адамдар арасын жақындатудың құралы. Ол қызметімен өмірімізге еніп, мәдениетімізден орын алды, кісі есімдеріне айналды. Ал Гүлбаршын, Бөрте, Раушан, Қызғалдақ, Қалампыр секілді өткен тарихтағы эстетикалық талғамымызбен байланысты шыққан есімдерді ерекше айта кеткен жөн.
Қызғалдақ жұлсаңыз, қылмысты боласыз
Қазақ жерінен сонау Голландияға ұзатылған қызғалдақ жыл өткен сайын өз отанында құрдымға кетіп барады. Тарихын білмегендіктен, балалар әуестеніп жұлса, бір сәрі, ал оларға тыйым салып отыруы керек ересектердің өзі қызғалдақ ғұмырын жалмауға даяр тұрады. Сол қызғалдақты жұлмай тұрып, қызғалдақ сөзінің төркіні «қызғылт дақ» жайлы әрбіріміз ойланып көрсек қой, шіркін…
«Қызыл кітапқа» енген әрбір өсімдікті жұлғаны үшін жауапқа тартылатынын көпшілік білсгенімен мән бере бермейді. Мәселен, кез келген адам қызғалдақты жұлу кезінде қолға түссе, онда ҚР Қылмыстық кодексінің 290-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заң талабы бойынша, бір бас қызғалдақты жұлғаны үшін белгілі мөлшерде айыппұл төлейді. Қатып қалған қағида емес, бұл айлық есептік көрсеткіш бойынша жыл сайын өзгеріп отырады. Істі қарау барысында тағы да қосымша айыппұл салынуы мүмкін.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ