Қызғалдақтың отаны Голландия емес
Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлыққа, алуан түрлі өсімдік түрлеріне бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі.Қызғалдақтың елімізде 35 түрі кездеседі. Оның 12-сі эндемикалық, яғни, тек қазақ жерінде ғана өсетін түр болып саналады. Осы себепті де, Қазақстан – «Қызғалдақтың отаны» аталады. Шындығында, аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығына бүгінде ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, Қазақстанның төл өнімі ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан длелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған», – деп, «Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз демілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы», – деп жазады. Осылайша, Елбасы Ұлы даланың жетінші қыры ретінде «Қазақ елі – алма мен қызғалдақтың алғашқы отаны» деп таныстырды. Мемлекет басшысы бұл тұжырымды отандық және шетелдік ғалымдардың деректеріне сүйеніп жариялағаны түсінікті. Дегенмен, Қазақстан тарихын зерттеп, зерделеп әлемге таныту мәселесіне жеміс пен гүлдің қандай байланысы бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Әлемнің бірқатар елдері өздерінің жерінде өсетін табиғи өнімдерін дүние жүзіне жарнамалап және экспорттап мемлекетінің бренді ретінде көрсететіні белгілі. Мысалы, Үндістан үнді шайымен, Бразилия кофесімен, Куба қантымен, Голландия гүлімен әйгілі. Ендеше, бізге де қызғалдақ пен алмамызды брендке айналдыруға неге болмасқа?
Академик Рақым Оразалиевтің дерегіне қарағанда XX ғасырдың басында голландиялық мамандар Шымкенттің Сарыағаш тауларында өсетін қызғалдақ гүлінің тұқымын алып кеткен. Соны өсіріп, түрлі тәсілдер арқылы сапасын жақсартып, қазір атақты «голландские тюльпаны» ретінде әлемге танытып отыр. Қызғалдақты орыс тілінде «тюльпан» деп атайды. Парсының «toliban» «тюрбан» сөзінен алынған. Қызғалдақтың гүлшанағы шығыс халықтары киетін бас киім – сәлдеге ұқсағандықтан осы сөзге бейімдеп «тюльпан» атап кеткен. Міне, қараңыздаршы қазір қыз-келіншектердің басынан тастамай киетін тюрбанның түбі қайда жатыр?
Сондықтан, қызғалдақты тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған тағы бір себеп, жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі. Деректерге қарағанда қызғалдақ Еуропаға XVI ғасырда ғана Осман империясынан жеткізіліп өсірілген. Оған дейін Иранда, Түркияда таралған. Голландияға алғаш рет 1570 жылы әкелінген. Қазір қызғалдақтың отанын жұрт Голландия деп біледі. Бізге белгілі мәліметтерге сүйенсек, бұл мемлекет әлемнің 125 еліне қызғалдақ баданасын сатып жылына 2 млрд. доллар пайда түсіреді екен. Міне, қазақстандық қызғалдақ өзге елдің бюджетіне осыншама кіріс кіргізіп жатыр. Бүгінде мемлекетімізде кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау бар екені айтпаса да белгілі. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстандағы қат кәсіп қызғалдақты кәсіпкерлер қолға алса қанекей!
Одан бөлек, Елбасы тапсырмасына орай қызғалдақ гүлінің алғашқы отаны Қазақстан екенін тарихшы және биолог ғалымдар әлемдік әдебиеттер мен архив құжаттарына сүйене отырып дәлелдеп, әлем жұртшылығын мойындату бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі болуы тиіс. Сонымен бірге алма, қызғалдақтар түрлерін көбейтіп, сапасын сұрыптап жетілдіріп әлемдік нарықта бәсекеге төтеп беретіндей бағытта жұмыс жасау да маңызды. Бұл ел экономикасын нығайта түсер еді. Бір сөзбен айтқанда, қызғалдақ пен алма аталған кезде Қазақ елі қатар айтылатындай болуы керек. Ұлт көшбасшысы да өз мақаласында осыны меңзейді.
Гүлхан ЯХИЯ.