Отыз жылдық кездесу оттай ыстық көрінер
Отыз жыл, отыз жазың, отыз көктем,
Отыз жыл осы шақты жырлап өткен.
Отыз жыл, жатыр сонда балалық шақ,
Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен, – деп ақын Ғабиден Қожахмет айтқандай, отыз жыл бұрын мектеп бітірген түлектер үшін бұл жылдың орны бөлек. Бұл Шиелі ауданы №148 орта мектепті сонау 1992 жылы бітірген түлектердің көкейіндегі жыр. Олар білім ордасымен қоштасқандарына 30 жыл толуына орай мектепте барлығы қайта қауышты. Бүгінде ақжаулықты ана атанып, ел ағасы болған сыныптастың барлығы үлкен өмірге қанат қақтырған білім ордасына құрмет көрсетіп, жастық шақты сағынышпен еске алды.

№148 орта мектептің 1992 жылғы түлектері араға 30 жыл салып, елдің түкпір-түкпірінен өздері кіндік қаны тамған жерге жиналды. Олардың алғашқы кездесуі білім ордасында бас қосумен басталды. Кейін ауылда жүрген қыз-жігіттермен бірге мектеп ауласына көшет отырғызып, ұстаздармен кездесті. Түлектер отыз жыл ішінде қатардан ерте кеткен замандастары мен ұстаздарының да рухына Құран бағыштады. Туған жерге сағынышпен жеткен замандастар бір сәтке партаға отырып, жастық шақты тебіреніспен еске алып, ұстаздарына алғыс білдірді. Осыдан 30 жыл бұрын үлкен өмірге қанат қаққан түлектер бүгінде еліміздің әр аймағында, сан салада табысты еңбек етуде. Бірі қаржыгер, бірі кәсіпкер, енді бірі аяулы ұстаз. Қай-қайсысы болсын ауылдың мақтанышына айналғандар.
Кездесу өз жалғасын тауып, түлектер білім ордасынан кейін ауылдан ашылған демалыс орнына барып, көшет отырғызды. Білім ордасына ерекше сағынышпен келген олар дене шынықтыру пәнінен сабақ берген ұстазы Б.Бекентаевпен волейбол ойынын ұйымдастырып, балалалық шаққа саяхат жасады. Оған қаладан Ш.Әлиева, Ә.Керімбаев, Д.Агимов, Ә.Камалов, А.Әжібаева, Т. Камалов, Ұ.Шадиева, Б.Сәрсенова, Г.Махамбетова, Г.Қитанбаева сынды азаматтар келіп, өз үлестерін қосты. Кездесу соңында мектеп директоры О.Шорабаева 30 жыл бұрын қанат қаққан түлектерге құттықттау тілегін жеткізіп, ізгі ниетін білдірді.
Аяжан Әбдіраманова