Облыс әкімі әріптестерін жаңа қызметке құрметпен шығарып салды

«Бахыт Дүйсенұлы өзі жетекшілік еткен уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, инвестиция тарту, тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты дамыды,-деді Н.Нәлібаев.
Сондай-ақ, өзге қызметке ауысқан аппарат басшысы Ерлан Райғаниевтің, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Нұрланбаевтың, облыстық энергетика басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев пен іс басқармасының басшысы Алмас Идрисовтың атқарған еңбектерін жоғары бағалап, іскерліктері үшін алғысын жеткізді. Азаматтарға «Құрмет» грамоталары табысталды.
https://syrboyi.kz