Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қызметке тағайындалды

ҚР премьер-министрінің өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.  Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты. Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2005–2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.  2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

24.kz
02 сәуір 2021 ж. 1 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031