Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ​Барымызды бағалай білейік

​Барымызды бағалай білейік



Көпшілік легі үзілмейтін киелі де қасиетті орындар Шиеліде баршылық. Көбінесе, олар музейлер, ескерткіштер, саябақтар болып келеді. Қонақтар аялдайтын орындарды көбейтуіміз қажет. Олардың қатарына Ы.Жақаевтың саябағын қосуымыз керек. Ол алғашқы ашылғанда келушілер көп болды. Сонан соң ашылған жылыжай мен диқан ескерткішіне тағзым етіп келгендер бастапқыда болды да, сонан соң келушілер қатары сиреді.
Саябақтағы ағаштар жақсы желек жайып тұр. Гүлдер де жылда өсуде. Халық көптеп келу үшін көпшілік шаралардың бірқатары осында өтуі тиіс. Мысалы, семинарлар, концерттік бағдарламалар, ақындар мүшәйрасы, көрмелер, серуендер, диқанға байланысты барлық шаралар, осы саябақта өткізілсе, бұл нағыз халық жиналатын, демалатын, серуендейтін орынға айналар еді. Мұнда шашка, шахмат, бильярд, теннис, тир, жазғы би алаңы орнатылса ағайындардың, жастардың барар жері болар еді. Сонымен қатар, жеңіл-желпі жейтін, шөл басатын сусындар сатылса, жазғы концерттерді орталық М.Шоқай алаңындағы сахнада өткізуге болады. Бұрынғы парктің кіреберіс фоесінде де концерт өткізуге ыңғайлы. Бізде жиырмадан астам ауылдар бар. Бір-екеуінде болмаса баяғы аспапты ансамбльдері де жоқ. Күндерін белгілеп орталықта өнер көрсетулерін ұйымдастырса болады ғой. Осындай орталықтарды тиімді, ретімен пайдаланылмаса, азып-тозып кетері анық. Бар дүниемізді тиімді пайдалана білейік, кәдеге жаратайық. Басқа аудандарда мұндай жасыл желекке оранған, әдемі орындарды таппай жүр. Барымызды бағалай білейік.
Алтай НУРИДДИНҰЛЫ.
08 сәуір 2018 ж. 984 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031