ТЕКТІ ӘУЛЕТТІҢ ТҰЯҒЫ
Сөз басы
Саяси қуғын-сүргіннің бір емес, екі мәрте құрығына іліксе де тауқыметі мол тағдырдың құрсауынан қайсарлықпен шығып, елі үшін емірене жүріп еңбек еткен, болмысы бөлек тұлға Ермұхамедұлы Шеген атамыз жайлы жазба барысында Түсіп (Абызбай) Ермек ағамызбен сәтін салып хабарласқанымыз бар. Бертін келе хабарласып қана қоймай, тонның ішкі бауындай аралас-құралас та болып, күн құрғатпай әңгіме дүкенінің есігін ашатынбыз. Алла сәтін салып, Ерекең өзінің көргендері мен көңілге түйгендерін ұрпақтарға ұлағат ету мақсатында жазған «Жұмбақ тағдырдың ақиқаты» атты кітабы қолымызға тиді. Осы кітаптан балалық шағында батпандай мұң арқаласа да өмір ағымында алған бетінен қайтпайтын Ерекеңнің бітім-болмысымен етене танысып, текті әулеттің тұяғы екендігіне бек сенімде болдық.
Саяси қуғын-сүргіннің бір емес, екі мәрте құрығына іліксе де тауқыметі мол тағдырдың құрсауынан қайсарлықпен шығып, елі үшін емірене жүріп еңбек еткен, болмысы бөлек тұлға Ермұхамедұлы Шеген атамыз жайлы жазба барысында Түсіп (Абызбай) Ермек ағамызбен сәтін салып хабарласқанымыз бар. Бертін келе хабарласып қана қоймай, тонның ішкі бауындай аралас-құралас та болып, күн құрғатпай әңгіме дүкенінің есігін ашатынбыз. Алла сәтін салып, Ерекең өзінің көргендері мен көңілге түйгендерін ұрпақтарға ұлағат ету мақсатында жазған «Жұмбақ тағдырдың ақиқаты» атты кітабы қолымызға тиді. Осы кітаптан балалық шағында батпандай мұң арқаласа да өмір ағымында алған бетінен қайтпайтын Ерекеңнің бітім-болмысымен етене танысып, текті әулеттің тұяғы екендігіне бек сенімде болдық.
Оқырман қауым, сіздердің назарларыңызға осы кітапта берілген жазбалар арқылы Түсіп (Абызбай) Ермектің туылмай жатып әкеден, бар болғаны төрт жасында анадан айрылған тағдыр жазмышына төтеп беріп, елі үшін емірене жүріп еңбек еткен айтулы азамат екендігіне көз жеткізесіз. Ендеше, Ерекеңнің «Жұмбақ тағдырдың ақиқаты» атты кітабы жазбаларына сүйене отырып, оның бітім-болмысын боямасыз баян етелік.
Жүрегінен жарық төккен
Ермек Түсіп (Абызбай) Өзбекстан Республикасы, Аққорған ауданы, Төменгі Шыршық өзенінің бойындағы Ұялы ауылында өмір есігін ашады. Жұдырықтай бала жүрегін ананың жылуынан бар-жоғы 4 жасында айырады.
Ермек Түсіп (Абызбай) Өзбекстан Республикасы, Аққорған ауданы, Төменгі Шыршық өзенінің бойындағы Ұялы ауылында өмір есігін ашады. Жұдырықтай бала жүрегін ананың жылуынан бар-жоғы 4 жасында айырады.
– Анамның әкесі Смайл қожа сол заманда, – деп еске алады Ерекең, – аттың өзі көтере алмайтындай алып кісі болған екен. Нағашы атам кіші қызы, яғни менің анам Зейпінді саудамен айналысатын өзінің ең жақын досы Түсіпке тұрмысқа береді. Дегенмен анам Зейпін мен әкем Түсіптің отбасылық өмірлері ұзаққа созылмайды. Әкем менің дүниеге келгенімді де көрмей, анамның құрсағында жатқан кезде дүниеден озған көрінеді.
Ерекеңнің жазбаларын парақтай отырып, оның балалық бал дәурені аянышты оқиғалар мен жауапсыз сұрақтарға тап болғанын аңғарамыз. Құдай қосқан қосағынан айырылған Зейпін анасы баласын бауырына басып, Өзбекстаннан Сыр бойына қоныс аударады. Қазақтың әмеңгерлік салтымен Түсіптің немере ағасы Ахметпен қайта шаңырақ көтерген Зейпін анасы да Ерекеңнің бар-жоғы 4 жасында өмірден озады. Анасын жоқтаған бала өзен жағасын жағалап жүгірумен жүріп, ұйқыға батады. Жүрегіне жазылып қалған осы бір оқиғаны Ерекең жазбасында төмендегіше еске алады.
– Ұлы дала жалғыз ұлын панасына алғандай. Жетім жүрегіммен жыртқыш аңдардың ортасында үш күн жүрсем де, бір азулы сес көрсетпегенін көрмейсіз бе? Сол сәтте қорғансыз сәбиді қорғауына алған жазира далам ғана. Үшінші күні мен жаққа қарай келе жатқан салт аттыны байқап, соған қарай бар күш-жігерімді жинап алып жүгірдім. Бұл кейінірек мені асырап алған Әбілда болатын.
Иә, Әбілда елсіз жерде жүрген баланы құшағына орап, 50 шақты отбасы тұратын шахтёрлер ауылына алып келеді. Содан бастап Әбілда отбасының бір мүшесі, яғни, баласы болады. Бала кезінен еңбек етуді мұрат тұтқан Ерекең ерте есейеді. Бертін келе ауылға Әбіласан есімді полиция қызметкері келіп, оның оқуға баруына ұсыныс жасайды. Мұны құп көрген Әбілда Ермекті ертеңіне Шиеліге алып келіп, мектепке табыстайды. Оқу жылын Құрмаш есімді ағаның (Әбілда аға әйелінің туған інісі) үйінде бастаған ол еңбек ете жүріп, оқу озаты атанады. Қабілеті мен ақылы жететін ол сынып басшысы болып та сайланады. Содан жылдар да жылжып өте бастайды.
Ермек 9-шы сынып оқып жүрген кезінде Төңкеріс ауылында тұратын Сақтаған Ермекті өзінің баласы екенін айтып, Құрмаш аға мен оның бәйбішесіне қолқа салады. Олар Ермекті қимаса да уайыммен шығарып салады. Ол кезде әкесінің кім екенін білмейтін Ермек сол үйге қоныс аударып, көп ұзамай Сақтаған атына құжаты дайындалады.
Иә, уақыт деген атқан оқтай зымырап өтіп те жатады. Оныншы сыныпты тәмамдаған Ермекті жаңа өмір белестері «мен мұндалап» шақырып та тұрған еді. Содан болар ол Алматыға ат басын тіреп, ауыл шаруашылығы институтының инженерлік факультетіне оқуға қабылданады. Сабақты үздік оқып, кез келген іс-шараға белсене қатысып жүретін оған Алла мединститут студенті, есімі елге танымал тұлға Сәлима Шегенқызымен табыстырады. Олардың бір-біріне деген сезімі мен сүйіспеншіліктері басым болар, студент шақтарында шаңырақ көтеріп, Ерлан есімді ұлдары 1970 жылы өмірге келеді. Өкініштісі сол, Ерлан өмірден ерте озады. Өз жүрегіне жазылмас жара болып қалған сол бір сәтті Ерекең күні бүгінге дейін күйіне отырып:
– Менің жалғыз мұрагерім, тірегім Ерланнан жас кезінде айырылып қалдық. Ата-ана үшін бұдан артық соққы болушы ма еді? Оны жоғалтқанымның ауырлық сезімі әлі күнге дейін кеудемді өртеп, қынжылтады. Тіпті оның жоқтығына көндіге алмай келемін, – деп еске алады.
Үзілген әңгіме жібін қайта сабақтаған Ерекең:
– Ал, 1978 жылы Гаухар есімді қызымыз дүниеге келді. Құдай бізге періште сыйлады, қуанышымда тіпті шек болмады. «Менің қызым әлемдегі ең үздік, ең жақсы» деп мақтан тұтып айта аламын. Ол қазіргі таңда үш жоғары оқу орнын бітірген, төрт баланың анасы, ата-анасының мақан тұтар қызы, – деп өзі де мақтана айтады.
Жүрегінен жарық төгумен жүрген абзал жанды ардагердің өмірдерегіне сәл-пәл ғана шегініс жасалған.
Оқырман қауым, Ермек Түсіптің (Абызбай) өз жазбасында Қодаманов Шеген атасының қамқорлығы жайындағы жүрек жазбасы осы кітапта толықтай берілгендіктен қайталап айтудың қажеті болмас деген ойдамыз.
ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІНІҢ ТАЙТАЛАСЫ
Ермек ағаның болмысында билікке де, байлыққа да қызығушылық болмаған. Оның зор беделге ие болып, ел-халық құрметіне кенелсе де жүрегінде жазылмаған бір жара бар сыңайлы. Яғни ата-анасының жерленген жерімен қауышып, туыс-бауырларымен табысу болды.
Ермек ағаның болмысында билікке де, байлыққа да қызығушылық болмаған. Оның зор беделге ие болып, ел-халық құрметіне кенелсе де жүрегінде жазылмаған бір жара бар сыңайлы. Яғни ата-анасының жерленген жерімен қауышып, туыс-бауырларымен табысу болды.
Ерекеңнің айтуынша, қызмет бабымен Қарағанды Изумрудный Атасу Ертіс каналы жобасын бастандыруға барып, өз нағашыларының қайда екендігіне көз жеткізеді. Содан Сәтбаев қаласына жол тартып, Рудный ауылына ат басын тірейді. Онда Ерсейіт есімді ұлымен жолығып, нағашы атасының «о» дүниелік болғанын, жерленген жері Қарсақбай ауылында екенін біледі. Қаншай мен Балшай есімді әпкелерінің де сол жақта тұрып жатқанынан хабар алып, олармен көрісе табысады. Осы сапарында Ерекең шығу тегі мен нағыз әкесінің кім екендігіне көз жеткізеді. Келесі күні нағашы әпкелерімен бірге атасының зиратына қажетті құрылыс заттарын ала барып, қоршап, құлпытас қойғызады. Содан әке мен ана қабірін табуға құлшына кіріседі. Сол бір сағынышты күндерді Ерекең төмендегіше еске алады:
– Өзімнің туған ата-анамды қайткенде табу мақсатымен Шиеліге жол тарттым. Бізді Құрмаштың ұлы Ертай құшақ жая күтіп алып, сый-сияпат жасады. Айтпақшы, ол жерде Ертай бізбен бірге досы Төлегенді де қонаққа шақырған екен. Алла сәтін салып, мен іздеп жүрген бауырларымның бірі – Төлегенмен табыстым. Яғни Төлеген – Сыздықтың баласы, Сыздық – Түсіптің баласы, ал Түсіп – менің әкем.
Мен оларға анамның қабірін іздеп жүргенімді, нағашыларымнан оны Шиеліге алып кеткені туралы хабар алғанымды айттым. Содан Бәйділданың кемпірі Кенже апамызға барып, анам Зейпіннің қайда жерленгенін білмек мақсатпен келгенімді жеткіздім. Ұзын сөздің қысқасы сол, Кенже апамызбен межелі жерге жеткен кезде ол кісінің: «Ермек, міне, анаңның жерленген жері» демесі бар ма? Әлі есімде, сол сәтте жас балаша еңіреп, анама деген сағыныштың тиегін ағытып жібергенмін. Аналық махаббатын сезінген мен анама бағыштап дұға оқыдым.
Иә, Ерекең айтса айтқандай, анасын тапқан ол бар-жоғы бір апта ішінде Алматыдан арнайы жасалып алып келген ана ескерткішін қойып, күмбезін көтереді. Алғабас ауылының тұрғындары тегіс шақырылып, анасының құрметіне ағыл-тегіл ас беріледі. Осы орайда қолында қомақты қаражаттары бола тұра ата-анасына арнап құран оқытудан қағыс қалып жүрген жандар да жетерлік. Осындай тас жүректі жандар Ерекеңнің ата-анаға деген мәңгілік махаббатынан дәріс алса, қанекей, деген ұстаным ойға еріксіз орала береді.
Бесіктен белі шықпай жатып тағдырдың тауқыметін тартқан Ермектің ендігі мақсаты – әкесі Түсіптің қабірін тауып, құран бағыштап, қайта тірілту болды.
– Бір аптадан соң, – дейді үзілген әңгіме жібін қайта сабақтаған Ерекең, – Төлеген екеуміз Сарыағашқа жол тарттық. Онда Уыз апаның қызы тұрады екен. Ол бізді жылы қарсы алып, жоғарыда айтқандай анамыздың әкеміз Түсіппен ұзақ тұрмағанын, яғни менің жеті айлығымда әкеміздің қайтыс болғанын баян етті. Сол жерде Төлегеннің менің бауырым екені анықталды. Біз әкеміздің қабірін көруге барып, аздаған топырағын алып, жолға шыққанбыз.
Иә, Алғабас ауылына келген Ерекең анасының жанына әкесінің сүйегін алып кетуге байланысты жергілікті имаммен ақылдасып, келісімге келеді. Өз уәдесін аяқ асты етпейтін ол келесі жылы әкесі Түсіпті анасы Зейпіннің жанына, яғни Алғабас ауылының іргесіндегі бейіттің кіреберісіне жерлеп, ас береді. Міне, осы күннен бастап Ермек Абызбай емес, Ермек Абызбай Түсіп болады. Ондаған жылдар бойы көрмеген бауырларымен қауышып, бүкіл жан-тәнімен бауырдың бауырға деген ыстық ықыласын сезінеді.
– Мен, – дейді сөз кезегінде Ерекең, – өзімнің өмірімнің мәнін енді тапқандаймын. Өмірдің мәнін әркім әрқилы өзінше түсінеді. Мен өмірімнің мәнін ақылмен емес, жүрегіме тыныштық сыйлаған сезіммен таңдадым.
Иә, тағдыр тауқыметімен тайталасқан Ермек аға үшін Алладан кейінгі орында анасы Зейпін мен әкесі Түсіп тұрады.
ШУАҚТЫ ШАҢЫРАҚТА
Ермек аға Абызбай Түсіп өз өміріндегі ең алғашқы бақытқа басқан қадам сүйікті де сүйкімді Сәлима Шегенқызымен бас қосып, шаңырақ көтеруім деп бағалайды.
Ермек аға Абызбай Түсіп өз өміріндегі ең алғашқы бақытқа басқан қадам сүйікті де сүйкімді Сәлима Шегенқызымен бас қосып, шаңырақ көтеруім деп бағалайды.
– Шүкір, – дейді Ерағаң, – жоғарыда айтқандай, Гаухар қызымыз Сәлима екеуміздің ғана емес, ел-халықтың қамқоршысына айналып, өз қадірін арттырып келеді. Кәсіптің қыр-сырын толық меңгерген, өз ісінің шебері. Республикалық, халықаралық ұйымдардан алған Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарынан көз сүрінеді. Бүгінгі тағда 60-тан астам отбасын жұмыспен қамтып отырған қарымды кәсіпкер. Ата-анаға бұдан басқа бақыт болмас, сірә.
Ал Зейпін қызымның бітім-болмысы өз алдына бір төбе. Жоғары білімді қызым бүгінгі таңда шет елдерге жиі-жиі шығып, мол тәжірибе жинақтауда.
Сәлима екеуміз салған сара жолды осылар жалғап, бауырмен бауыр, туыспен туыстай араласып жүрсе, бізде басқа арман жоқ. Айтқандай, Адель, Жахангер, Бұлайсар, Қасымхан есімді немерелерім өздерінің ата-тектеріне кір келтірмей, олардың кім болғанын бойларына сіңіріп өссе екен деген армандамын.
Иә, бүгінде зейнет демалысына шығып, Алла жазса алдағы жылы 80-нің серкесі атанғалы отырған Ерағаңа отбасы, бала-шаға, немере-шөбере амандығынан басқа бақыт жоқ. Кезінде еңбек жолын қатардағы механизатор болудан бастаған ол, жоғарыда айтқандай, 1964-1969 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтының энергетика факультетінен дәріс алып, инженер-электрик мамандығын иеленеді. 1969 жылы жолдамамен Қызылорда қаласындағы «Механикаландырылған электр жүйесін салу колоннасына» келіп, алдымен шебер, одан соң прораб, бөлім басшысы қызметтерінде шыңдала түсіп, 1972-1980 жылдары аралығында Алматы қаласындағы коммуналдық басқармасына қарасты «Лифтремонт» мекемесінің негізін қалап, басшылық қызметін атқарады.
Еңбек десе ішер асын жерге қойып, айналасындағылармен тонның ішкі бауындай аралас-құраласта жүретін Ерекеңе билік басындағылар зор сенім артып, сан алуан қызмет басшылығына тағайындайды. Саралап айтар болсақ, 1980-1990 жылдар аралығында Энергетика министрлігіне қарасты «Алматы механикаландырылған электр жүйесін салу» мекемесінде бас инженер, кейін басшысы қызметтерін абыройлы атқарса, 1990-1995 жылдары «Қазақстан отын» компаниясына қарасты «Алакөл көмір» кеніне басшылық жасайды. Ал 2000-2008 жылдары Алматы облыстық әкімшілігінде жауапты қызмет атқарып, зор абырой мен бедел иеленіп, зейнет демалысына шығады.
СӨЗ СОҢЫ
Қым-қуыт тірліктің сан тарау сүрлеулерінде алас-күлес атқа мініп, арман-мұратыңды алдыңа салып, ағындап жүргенде талай жандармен жолың түйіседі. Жүрегінің кірі жоқ жандармен туысасың, табанының бүрі жоқ пенделерден суысасың. Осы аралықта айналаңды танып-біліп, сабырмен салмақтанасың. Арқасы қорған ағаларды ардақтап, ізеті бөлек інілерге ардақталасың.
Қым-қуыт тірліктің сан тарау сүрлеулерінде алас-күлес атқа мініп, арман-мұратыңды алдыңа салып, ағындап жүргенде талай жандармен жолың түйіседі. Жүрегінің кірі жоқ жандармен туысасың, табанының бүрі жоқ пенделерден суысасың. Осы аралықта айналаңды танып-біліп, сабырмен салмақтанасың. Арқасы қорған ағаларды ардақтап, ізеті бөлек інілерге ардақталасың.
Иә, бұл өмірдің өнегесі мол! «Базарда мың кісі бар, бірақ әркім сыйлағанына сәлем береді» дегендей, басың жерге жеткенше сыйласып өтуге лайықты жан тапқаныңда тірліктің өзі жеңілденіп сала беретін сияқты. Бір өңірде, болмаса бір қалада, не ауылда тұрып, ай сайын емес, жыл сайын жүздеспесең де солардың бітім-болмысы мен жаратылысын сезіп, жақсы да жайсаң қасиеттері ойыңа оралып, бірге тумасаң да туған ағаңдай құрмет тұтқың келеді екен. Осындай жүрегінен жарық төккен жанның бірі Ермек Түсіп (Абызбай) аға болар деген ойға тұмашаландым.
Оқырман қауым, менің Ермек аға жайлы бұлайша жазбама сіздерді «Жүздеспеген жан жайлы қалайша осыншама пайымдау жасайды?» деген сұрақ мазалауы әбден мүмкін. Айтайын. Менің ерекең туралы дәл осылай тоқтамға келуіме ол кісінің «Жұмбақ тағдырдың ақиқаты» атты жүрек жазбасын (кітап) күн-түн көз ілмей, парақтай отырып оқығанымнан болар.
Ераға, ініңізді көрмесеңіз де, танымасаңыз да ініңіздің үнін есітіп тұрған боларсыз. Бұл – мен ғой...
Еркін ӘБІЛ,
Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ журналистикасының қайраткері
Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ журналистикасының қайраткері