Әке жолын жалғаған, 9 ұлға таңғалам
«Әлемнің әміршісі – еңбек» деп бекер айтылмаса керек-ті. Ал, адам өмірінің алтын арқауы да осы маңдай тер, табан ақы, адал еңбекпен өрілетіні анық. Міне осы ұстаныммен таңның атысы, күннің батысы өз шаруасын өрлету мақсатында аттан түспей, бейнетінің зейнетін көріп отырған жанмен жолықтық біздер. Дәлірек айтсақ, әңгіме «Сейітжанов» шаруа қожылығының төрағасы Әбдімәлік Сейітжанұлы мен оның ізін жалғап келе жатқан 9 ұлы туралы болмақ.
Қожалық сонау ел тәуелсіздігін алғаннан кейін 1992 жылы қиын кезеңдерде құрылыпты. Яғни совхоз, колхоздар тарап, ауыл тұрғындары абдырап қалған кездер болуы керек. Десе де, тәуекелге бел буған отағасы Әбдімәлік Сейітжанов отбасылық шаруаны қолға алуды ұйғарады. Иелігіндегі 12 гектар жер мен қолда бар малы арқылы шаруасын бастап кетеді. Балалары да әкелерінің жанына үйірсектеп, еңбекке араласа бастайды. Міне содан бастап қожалық аудандағы іргелі шаруа қожалықтарының қатарына енеді.

«Атадан мал қалғанша тал қалсын» дейді ата-бабамыз. Расында әкенің маңдай терімен келген дүниенің қадірін оның ұрпағы түсіне қоюы екі талай. Алайда бүгінде әке жолын жалғап, ол салған сара жолмен жүріп келе жатқан саналы азаматтар жоқ емес. Мәселен, Әбдімәлік көкеміздің 9 ұлы да осы шаруа қожалықтың гүлденіп, дамуы үшін күн-түн демей тер төгуде. Үлкен ұлы Мейрамхан канал қазу жұмыстарымен айналысса, кейінгі ұлы Мүсірепхан шөп жинау мен басу мәселесіне жауапты. Ал астық жинау, гараж бен токарлық жұмыстар Әбілдаханға тиесілі. Бүкіл іс қағаздарды жүргізумен 4-ші баласы Шағдар Сейітжанов айналысады. Егілген күрішті сату мен тасымалдауға Сейітхан, ферманың жұмыстарына Досхан атты ұлы жауапты. Нұрмахан мен Мұхан атты балалары техника айдауға көмектеседі.
Ертөстік ертегісінде Ерназар байдың «Тоғыз ұлым – бір төбе, Ертөстігім – бір төбе» дейтініндей, Әбдімәлік көкеміздің немерелері де шаруаға бейім. Мәселен, Шыңғысхан, Абылайхан, Пірмахан есімді немерелері егін егу ісіне қолғабыс етсе, Бөкейхан атты немересі ветеринария саласының білікті маманы атанбақ. Ақсақалдың айтуынша, қазір ол Ресейдің Бриянскі қаласындағы «Брянский аграрлық мемлекеттік университетінде» оқып жатқан көрінеді.
Тату тірлікке иек артқан қожалық
Енді отбасы мүшелерінің істеп жатқан шаруасына тоқталсақ, Сейітжановтар әулетіне «Сейітжанов» шаруа қожылығынан бөлек, 2019 жылы құрылған «Адына» шаруа қожалығы тиесілі. «Сейітжанов» қожалығында 20-дан астам мүйізді ірі қара, 100-дей жылқы бар болса, «Адына» шаруа қожалығында бүгінгі күні 80 бас сиыр, 50-ден астам жылқы, 1000-ға жуық ұсақ мал бар. Шаруа қожалық былтыр 70 гектар жерге күріш пен бірнеше гектар мақта еккен. Сонымен бірге аудан бойынша былтыр егілген 20 гектар арпа да осы қожалыққа тиіселі. Ал биыл сол 20 гектар арпаны 50 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Кешегі ақпан айында облыс бойынша алғаш себілген жаздық бидай мен наурыз айының басында егілген мақсары да осы шаруашылыққа тиесілі. Оның төрағасы ретінде Әбдімәлік көкеміздің Кенжебегі сайланған. Шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен 500 бас қой алып, бүгінде оның санын мыңға жеткізген. Екі шаруашылықты қоса алғанда шаруашылық 15-тен астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. «Әлихан Сымайылов, Ізімбек Бағдат, Исабек Ізтілеуов, Райымбек Амантай, Асқарбек Қалдықараев секілді ағайындар да қолдары босаса көмекке дайын тұрады», – дейді Әбдімәлік көкеміздің ұлдары.

Аудан әкімі Сейітжановтар әулетінің тірлігіне тәнті
«Жақсыны көрмекке» демекші осы жексенбіде Сейітжановтардың шаруасымен танысып, еккен егінін көру үшін аудан әкімі Нариман Мақұлбеков қожылыққа барып қайтты. Сапар барысында аудан әкімі қыс айларында егілген жаздық бидай мен мақсарының өсімін көріп, былтыр қожалық сатып алған ауыл шаруашылығы техникаларының жұмысымен танысты. Сондай-ақ фермадағы төрт түліктің жайын біліп, қожалықтың диірменін көрді.

Берген алар, еккен орар
«Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, былтыр 2 шаруашылықтан 700 тоннаға жуық күріш жиналған. Негізінен күріштің басым бөлігі еліміздің Петропавл, Нұр-Сұлтан, Көкшетау өңірлеріне тасымалданады. Дегенмен өзге елдерден қызығушылық танытып жатқандар да бар көрінеді. «Мәселен, жақын күндері 20 тоннаға тарта күрішті Беларусь мемлекетінің азаматтары сатып алыпты. Ал осы уақытта Түркістан облысының Бәйдібек ауданы тұрғындары келіп, 2,5 тонна мақсары тұқымын басып жатыр. Мұндағы мақсаты тұқым ауыстыру. Мына салқын жердің мақсарысын сол жаққа егеді. Мысалы мен де Жалағаштан күріш алып келіп егемін. Сол сияқты біздің жердің мақсарысы құрттамайды. Таулы жерге өскен мақсары құрттап кететін әдеті бар», – дейді Шағдар Сейітжанов.

Күн панельдерінен қуат алатын ферма
Сейітжан көкеміздің ұлдары тындырымды тірлікпен қатар, заман ағымына сай жоғарғы технологиялардың да көмегін тиімді пайдаланып келеді. Мәселен, қожалық 2014 жылы ферма маңына күннен қуат алатын 37 кВт-тық автономды станция орнатқан. Сол жердегі күріш тазалау, шеберхана сынды жұмыстардың барлығына сол қуат жетіп жатыр. Бір ерекшелігі бұл күн панельдерін Қазақстандық«Astana Solar» компаниясы шығарған. Тіпті, осы жоба 2017 жылы Астанада өткен «Ехpo-2017» көрмесінде Шилі ауданының атынан таныстырылыпты.

Сөз соңында, Әбдімәлік көкеміздің дастархан басында айтқан сөзін келтіре кетсек. «Еңбектенген адам тауды да, тасты да қопарады. Мемлекет маған бермеді, менің жағдайымды ескермеді деп, қол жаю бұл табиғатымызға жат дүние. Мемлекет қолдан келгеннің барлығын жасап бағуда. Тек адам баласы еңбектенсе болғаны. Бақ та, бақытта та, дәулетте оның соңынан өзі қуалайтын болады».
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ