Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ​Тірек ауылы дамып келеді

​Тірек ауылы дамып келеді



Елбасының рухани жаңғыру жайлы жазылған мақаласында туған жердің тарихын зерделеп, зерттеп ұрпақтар жадында қалуы жайлы нақты тапсырмалар берген болатын. Бүгінгі әңгімемізде біз сырдың сұлу ауылдарының бірі Сұлутөбе ауылы жайлы сыр шертпекпіз.
Сұлутөбе – ауданымыздың солтүстік шекарасында орналасқан, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы мен Қазақстан теміржолының бойында орын тепкен іргелі ауыл. Сұлутөбе аудан көлеміндегі екі тірек ауылдың бірі. Сырдың бойын жағалай орналасқан бұл ауыл Сарысу мен Телікөлдің аралығында орналасып, мыңғыртып мал өсіріп, егін егіп, 3792 халық тұрып келе жатыр. Округтегі М.Шоқай, «1 Май», «Бірлестік» ауылдарын қоса есептегенде 31780 га жерді алып жатыр. Бұл киелі топырақтан күллі түркі дүниесінің ірі қоғам қайраткері М.Шоқай, әйгілі академик М.Қаратаев, танымал қоғам қайраткері, Шоқайтанушы Базарбай Атабаев, ғалымдар М.Дүйсенов, А.Қыраубаева, ұлттық әдебиет пен өнердің саңлақтары Ш.Әбдібаев, О.Әбдімомынов, М.Тұрсанов, Ғ.Әбдінәбиева, М.Қыраубаев, С.Балғабаев, Еңбек Ерлері А.Меңлібаева, О.Бәйімбетов секілді азаматтардың ел арасындағы абыройы биік. Сұлутөбе – киелі мекен. Осында Оразай ишан, Ахмет ишан зираттары бар. «Орынбор-Ташкент» шойын жолының осы ауылдың үстімен өтуі, «Бір қазан», «Сұлутөбе», «Тартоғай» теміржол бекеттерінің салынуы бұл жерлерге өзгерістер алып келіп, ауылдың бойына қан жүгіртті. Үш ауылда үш жаңа мектеп, жаңа мәдениет үйі бой көтерді, жаңа пошта, ауруханалар, мешіттер жұмыс істеп тұр. Кезінде «Қызыл октябрь» балық колхозы мен балық қабылдау пункті жұмыс істеді. Ауыл округі бойынша 3 жаңа типтегі мектеп жұмыс істейді. Ауыл жасыл желекке бөленген, Сұлутөбені аудандағы тірек ауылы дедік. Ал тірек ауылында әлеуметтік қызмет көрсету орындары болған, мәдениет, спорт ошақтарының барлығы болады. Демек, уақыт тынысы ешуақытта тоқтамайды, заманмен үндесіп жүре береді. Біз қысқа мақаламызда шалғай ауылдың шат-шадыман тірлігін осылайша шолып өттік.
Алтай АЙЫП.
08 сәуір 2018 ж. 2 698 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930