Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Оңғаров айтты.
Пенде болған соң көп мағлұматты ұмытып қаламыз ғой. Сондықтан да бұл ақпарды қайта жаңғыртып отырған да дұрыс. Оразаны бұзатын нәрсе – адамның ішіне қоректі нәрсенің өтуі. Оны жеп қойса, мұрын қуысынан да өтіп кетсе, ораза бұзады. Ерлі-зайыптылар үшін оразаны төсек қатынасы да бұзады. Адамның ішкі ағзасына өтетін заттардың барлығы, мысалы, Ораза кезінде темекі шегу де оны бұзады, - деді Оңғаров.
Тек сақ болатын жағдай бар. Ауызға жиналған сұйықтық, ауыз қуысында пайда болатын қан, дәрілер өңештен өтіп кетпеуі керек. Егер өтіп кетсе, ораза бұзылады. Оны кейін өтеу керек. Сондықтан тісті емдеуді ауыз ашылғанда немесе оразаға дейін жүзеге асыру керек. Душқа, ваннаға да түсуіге болады. Бассейн мен көлге де түсуге болады. Бірақ ешкім ондайдан сақтандырылмаған. Сондықтан одан аулақ болу керек. Байқаусызда көлге түсіп жүрген кезде ауызға, мұрынға су кетсе, ол күннің оразасын соңына дейін ұстау керек. Алайда кейін қазасын бәрібір өтейді, - деді ол.
Имами тіс жұлдыру процесінің өзі оразаны бұзайтынын айтты.