Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ораза туралы мәлімет: оразаны тек Разаман айында ғана ұстаған дұрыс па

Ораза туралы мәлімет: оразаны тек Разаман айында ғана ұстаған дұрыс па

Ораза туралы мәлімет: қандай әрекеттер оразаны бұзады

Ораза – ислам қағидаларының бірі, сондықтан мұсылмандар үшін ораза ұстау міндетті болып табылады. Бірақ, мұсылмандар тек Рамазан айында ғана ораза ұстамайды. Сонымен, ислам дінін ұстанатын адамдар тағы қай айда немесе күндерде ораза ұстайды және олардың оразасы қандай жағдайда бұзылады? Бұл жайлы Stan.kz ұсынатын ораза туралы мәліметтерден біле аласыздар.


Әдетте, ораза ұстаған адам күндізгі уақытта ас-су ішіп-жеуге болмайтын түсінеді. Шын мәнінде, бұл ұғым тек тамаққа ғана шектеу қоюмен сипатталмайды. Ораза кезінде тамақтан ғана емес, көзбен, қолмен, тілмен жасалатын күнәлардан, сондай-ақ кейбір әрекеттерден бас тарту керек. Мүмін ораза ұстай отырып, мұны өзінің Жаратушысы үшін жасайтынын және басқа ешқандай ниеті жоқ екенін айқын сезінуі тиіс.
Рамазан айында ораза ұстау мұсылманның бес парызының бірі. Бұл қасиетті айда ораза ұстағандар үлкен рақымшылыққа ие болады. Ал, оны ешқандай себепсіз ашқандар қатаң түрде жазаланатын болады. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) ораза туралы: «Кімде-кім Рамазан айында Жарақаннан рақымшылық күту үшін үміт пен сеніммен ораза ұстайтын болса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі»  деген болатын. 

Оразаны қашан ұстаған дұрыс

Арапа күні – Жаратушы осы күні ораза ұстаған адамның 2 жылда жасаған күнәларін кешіреді. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) «Арапа күнінде ораза ұстау өткен және келесі жылдарда жасаған күнәларды өтейді» деп түсіндірген. 
Ашура күні - Мұхаррам айының оныншы күнінде ораза ұстағандардың алдыңғы 12 айдағы барлық күнәлары жойылады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмбетіне: «Ашура күнінде ораза ұстау өткен жылдың күнәсін өтейді», - деп ескерткен болатын. 
Зул-Хиджа айының алғашқы 9 күнінде ораза ұстауға болады. Бұл туралы мына хадистен табуға болады: «Зул-хиджаның алғашқы күндерінде ораза ұстау бір жыл ораза ұстаумен тең». 
Мұхаррам айы – осы тыйым салынған айда ораза ұстау сүннет болып саналады. Өйткені, Мұхаммед Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі былай деген: «Рамазаннан кейін, ораза ұстауға ең жақсы ай Аллаһтың айы – Мұхаррам».
Шаабан айы – ораза ұстауға қолайлы тағы бір ай болса, бұл шаабан айы болмақ. Ай күнтізбесі бойынша ол Рамазанның алдында болады. Бұхари хадисінде Аллаһ Елшісі бірнеше күндерді қоспағанда, Шаабан айында ораза ұстауға қатты көңіл бөлген деген ескерту бар.
Шәууәл айының 6 күнінде де ораза ұстаған жөн. Шәууәл қасиетті Рамазан айынан кейінгі ай. «Егер біреу Рамазан айында ораза ұстап, және Шәууәл айында тағы алты күн ораза ұстаса, онда ол бір жыл бойы ораза ұстағандай марапатқа ие болады» деген хадис бар. 
Дәуіт Пайғамбардың оразасы. Имам әл-Бұхари мен Имам Муслим риуаят еткендей: «Аллаһ үшін ең сүйікті ораза да – Дәуіт Пайғамбардың оразасы. Ол түннің жартысын ұйықтап, үштен бір бөлігінде намаз оқып, алтыдан бір бөлігінде тағы ұйықтайтын. Бір күн ораза ұстап, бір күн аузын ашып жүретін». 
Әр айдың ортасында ұсталатын 3 күндік ораза. Мұхаммед Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер айдың ортасында ораза ұстағың келсе, онда 13, 14 және 15 күндері ораза ұста» деген.
Әр дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсталатын ораза. Алла Елшісі (с.а.с) әрдайым осы күндері ораза ұстаған. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Адамдардың жасаған істері Аллаһқа дүйсенбі мен бейсенбі күндері көрсетіледі. Мен, өз істерімнің ораза ұстап жүрген кезімде көрсетілгенін қалаймын» деген.
Исламдағы ораза ұстау уақыты
Исламда оразаны күндізгі уақытта ұстайтыны белгілі. Уақыт санағы таң сәріден басталады. Бұған дәлел ретінде, мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімдегі мына аятты келтіруге болады: «Ақ жіпті қара жіптен ажыра алмайтындай тәң сәріде ішіп-жеп алыңдар, содан кейін кеш батқанша ораза ұстаңдар» (2: 187).
Ораза ұстаушы таңғы асты таң намазы болғанға дейін кем дегенде, жарты сағат бұрын ішіп болуы керек.
Бірде дін жолына берілген сопылардың бірі Мұхаммед Пайғамбардан (с.а.с) сәресі мен азан арасында қанша аралық уақыт болуы керек деп сұрады. Сонда ол: «50 аят оқуға қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт» деп жауап берген. 
Бірақ, ауыз бекіту тек сәресін ішумен ғана шектелмейді. Ораза ұстаушы алақан жайып, сәресі дұғасын айтуы тиіс.
Сәресіде айтылатын дұға: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә». Оның мағынасы мынадай: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ораза ұстау уақытының аяқталуы (ифтар) күн батысымен келеді және кешкі намаз уақытына сәйкес келеді. Бұл жағдайда сенуші ораза ұстағаннан кейін, алдымен оразасын ашып алуы керек, содан кейін барып намаз оқи беруіне болады. 
Ауыз ашарда оқылатын дұға: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту». Мағынасы: «Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір». 
Оразаны бұзатын әрекеттер
  1. Ораза ұстап жүргенін біле тұра қасақана тамақтану және темекі шегу.                                           Егер ораза ұстаушы әдейі бір нәрсе жесе немесе ішсе, темекі шексе, онда оның сол күнгі оразасы қабылданбайды. Бірақ, егер ол қасақана емес, байқамай жеп қойса, ол адам ораза ұстап жүргенін есіне түсіре салысымен тамақты немесе суды ішуін тоқтатуы керек.  Ол оразасын осылай жалғастырса, ораза бұзылмайды.
  2. Төсек қатынасына түскен жағдайда. Жыныстық қарым-қатынастан кейін ораза ашылады. Ерінге ерін тигізіп сүйісу, сондай-ақ саналы түрде жыныстық қатынасқа түсу оразаны бұзады.
  3. Мұрын және құлаққа дәрі тамызу. Ораза ұстаған адам мұрынға немесе құлаққа тамызатын арнайы дәрі-дәрмектерді пайдаланған кезде, ол көмейге түсетін болса онда ораза бұзылады. Бірақ, көктамыр немесе бұлшықетке салынатын инъекциялар, сондай-ақ көз тамшылары оразаны бұзбайды.
  4. Тамақты шаю кезінде сұйықтық жұтып қою. Ораза ұстағанда, тамақты емдік мақсатта немесе жай сулау үшін шайған кезде аса сақ болу керек. Себебі, ішіңізге су кетсе  оразаныңыз бұзылады. Дегенмен, ораза ұстаған адамға суға  шомылуға және ваннаға түсіге рұқсат етіледі, бірақ мұрын қусысы мен тамаққа және құлаққа сұйықтық кіріп кетпеуі керек.
  5. Медициналық ингаляторларды қолдану. Ораза кезінде мүмкіндігінше ингалятор қолданудан аулақ болу керек.
  6. Әдейі құсу. Егер, ораза ұстаушы адам құсуды қасақана тудырса, онда оның оразасы бұзылады. Егер, ол өз қалауымен құспаса, онда оразасы жарамды болады.
  7. Етеккір келгенде. Күндізгі уақытта әйелдерге етеккір келген жағдайда, ол ораза ұстауын тоқтатады. Ол бұл күндерді айдың аяғында өтеуі керек.
Ораза ұстаудың артықшылықтары
Ислам дініндегі бұл парыз оны ұстайтын сенушілердің қадір-қасиетін аттырады. 
Біріншіден, ораза адамдарды жұмақ бақшасына кіргізетін кілт болмақ. Ол жайлы Пайғамбар (с.а.с) былай деген: «Шынында, жұмақта «Ар-Райян» деп аталатын қақпа бар. Қиямет күні келгенде қақпадан ораза ұстағандар ғана кіреді. Бұл қақпа арқылы басқа ешкім кірмейді». 
Екіншіден, ораза қиямет күнінде мұсылманның шапағатшысы болады.  «Қиямет күнінде Ораза және Құран Кәрім  Аллаһтың құлы үшін шапағат етеді» деген хадис бар (Ахмед хадисі).
Үшіншіден, ораза күнәлардың кешірілетін айы. Сонымен қатар, Жаратушы ораза ұстаған мүміндердің барлық тілегін қабылдайды делінген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) : «Ораза ұстаған адамның ауыз ашу кезіндегі дұғасы ешқашан кері қайтарылмайды» деген болатын.
 
18 сәуір 2019 ж. 2 444 0