Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспасөзді де жаңғыртуымыз керек

Баспасөзді де жаңғыртуымыз керек

Рас, бәрін айт та, бірін айт, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған Жолдауындағы «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз!» деген бір ауыз сөзінің өзі ел азаматтарына ерекше қуат бергені күмәнсіз.
Еліміздің дамуына аса қажет маңызды мәселелерді жіктеп-жіктеп, талдап-талдап айта келіп, сөзінің соңын: «Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік, ағайын!», деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеді. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға осының өзі түсінікті болса керек.
Қазақстан азаматы ретінде сол жан-жақты жаңарудың қатарына мен баспасөзді де қосқан болар едім. Өйткені Мемлекет басшысының бұл жердегі «Қазақстан саяси жаңғыру бағытын жалғастырады. Бұл менің қағидатты ұстанымым» деген сөзіне орай айтпақ ойым еді.
Республика көлемінде шығатын басылымдардың қай-қайсысының болсын ортақ міндеті, құрылтайшылық сипатына қарамастан, ол – Отанымыздың тыныштығы, ынтымағы мен бірлігі бағытында үгіт-насихат жұмысын жүргізе отырып, Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша жұмыс атқару. Баспасөз қоғамдық пікір қалыптастырушы бірден-бір ұтымды құрал ретінде Қазақстан халқын Президентіміздің маныңа тығыз топтастыра түсуге үлесін қосуға тиіс. Сондықтан баспасөзге жүктелетін жауапкершілік жүгі, әрине, жеңіл емес. Ол – бірінші кезекте қоғам мен биліктің арасындағы алтын көпір. Нақты айтқанда, биліктің көзі мен сөзі болса, екінші жағынан халықтың үні. Міне, осы міндеттерді шын мәнінде жүзеге асыра білгенде ғана біз айтып отырған баспасөздің беделі қашанда жоғары болмақ.
Ендігі жерде Қазақстанды толығымен реформалау барысында бұқаралық ақпарат құралдарына да жаңа міндеттер жүктеп, олардың жұмысына жаңаша бағыт-бағдар беретін мезгіл жетті. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген емес пе, баспасөз айтпаған сынды халықтың өзі-ақ жайып салады. Екіншіден, жуырда баспасөз жанрының түрлерін айтып бере алмаған «журналисті» көріп, таңғалғаным бар. Демек бүгінгі баспасөз кадрларының білім-білігін де қайта қарап, мықты сүзгіден өткізетін реформа қажет.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, amanat партиясын жан-жақты жетілдіріп, мақсат-міндеттерін қайта қарап, оның рөлін арттыру керек. Сондай-ақ партия мүшелерінің атқарып отырған негізгі міндеттеріне деген жауапкершілігін көтеру, сонымен бірге жастар тәрбиесіне де басшылық жасап, оларды өз қамқорлығына алып отыруды да осы партияның қолына берсек, бұл да жаңара түскеніміздің бір белігісі болар еді. Өйткені жастар тәрбиесі белгілі бір қоғамдық ұйымның басшылық-бақылауында болғаны дұрыс деп санаймын.
 

https://egemen.​​​
30 наурыз 2022 ж. 291 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 67

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031