Бабалар аңсаған мекен - ұрпаққа аманат!

Әлемнің қай жеріне барсам да жүрегім әрқашан туған жеріммен бірге. Байрақты бәсекелерде ел намысын қорғау - мен үшін үлкен бақыт. Туған еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда. Әрқайсымыз шын жанашырлықпен, ықыласпен, үлкен үмітпен еліміздің гүлденуіне атсалыссақ, Бұл тек президенттің ғана емес, баршамыздың ата-бабамыз аманат еткен, болашақ ұрпағымызға мұра етіп қалдыратын міндетіміз деп білемін.
Халқымыз өсіп-өркендеп, дамыған елдердің қатарына қосылса, қазағымның әр азаматы бейбіт аспан астында бақытты күн кешсе деймін. Ендеше, көк туымыздың астында үлкен ауызбіршілікпен жаңа Қазақстан неге құрмасқа?!
Қамшыбек Қоңқабаев, боксшы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.