Қасиетті Рамазан – Рахым айы
Рамазан – Алланы бір деп мойындаған, бізге екі дүние бақытының кілтін ашатын қасиетті Құран Кәрім аяттары түскен ай. Біз Қасиетті айдың қадірі жайында және ауыз бекітетін ағайынның арасында жиі кездесетін сауалдарға жауап алу мақсатында ауданның бас имамы Бақыт Ұлжаевты сөзге тартқан болатынбыз. Ендеше Сәуір мен мамырдың мамыражай күніне сай келіп отырған оразаның қадір-қасиеті жайында тарқатып көрелік.
Рамазан – араб сөзі, түбірі «рамзау» – «өте ыстық» деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар мұны «Рамазан айында ораза ұстаған пенденің бойына біткен кішігірім күнә-кемшіліктері күйіп кетеді» деп түсіндіреді. Сондықтан рамазанды күнәлар кешірілетін ай деуге болады. Себебі ораза айы – бұған дейін істеген істерді таразылап, адам баласын бауырмалдылық пен сабырлыққа тәрбиелейтін, барлық жаман әдеттен айықтыратын ғибадат. Сонымен қатар, таңнан кешке дейін ашығуды бастан кешірген жан міскін, кедейге қол ұшын беру керегін түсінеді. Ораза ұстаушы бір ай ішіп-жеммен қатар, адамның сыртынан ғайбаттап, өтірік сөйлеу мен өсек айтудан шектелуі керек. Бір сөзбен айтқанда, адамға күнә болып саналатын сан түрлі істен жанын аулақ салуы тиіс. Өйткені Рамазан айында шайтандар кісенделіп, адамдарды азғыру мүмкіндігінен айырылады. Сол себептен де мұндай мүмкіндікті мұсылманның қалт жібермегені дұрыс.

Жалпы, ораза – шамасы жеткен иісі мұсылманға міндет. Өмірлік дертке ұшыраған немесе қарттық басқан адамға ораза ұстау міндеттелмейді. Десек те, денсаулығына байланысты ауыз бекітуге мүмкіндігі жоқ жандар да жетерлік. Ислам – адамзат баласына ауырлықты қаламайтындықтан сырқат кісінің оразадағы ахуалын имамнан сұрадық.
– Егер денсаулығында кінараты бар кісі ораза ұстаса ауруы асқынатынына көзі жетсе, не білікті дәрігер ораза ұстау зиян болады деген дәлелді кеңесін айтса ауыз бекітпеуге болады. Алайда саулығы түзелгеннен кейін оразаның қазасын өтеуі тиіс. Бұл жайында Құранда: «Рамазан айы туғанын көрсеңдер ауыздарыңды бекітіңдер. Ал, кімде кім сырқаттанса немесе жолға шықса(аузын ашуына рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін. Алла сендерге ауырлық емес, жеңілдік тілейді» делінген. Міне, осы және басқа аяттарды негізге ала отырып дін ғалымдары мынадай үкім шығарған: «Науқас кісінің ораза тұтпауы кейде уәжіп, кейде мубах(рұқсат) болады. Егер сырқат кісінің ораза ұстауы өлімге алып келер болса, бұл адамның ораза ұстамауы уәжіп. Ал, егер ауыз бекітуі сырқатын арттырар болса не жазылуын баяулатар болса, бұл жағдайда ораза ұстамауына рұқсат». Дертіне шипасы беріліп, ауруынан айыққан кезде тұтпаған күндердің қазасын өтейді – деді Б.Ұлжаев.
Рамазан – қайырымдылықтың айы. Сондықтан да бұл айда барлық мұсылман пітір садақа беріп, Алладан медет тілейді. Ал пітір дегеніміз не? Оны кімдер береді немесе кімдер одан босатылады?
– Біріншіден, барша жамағатқа Рамазан айында Жаратқанның ризашылығы үшін тұтатын оразасы қабыл болсын дегім келеді. Рамазан айында мол сауапқа кенелудің бір жолы – пітір садақа беру. Барлық адам пітірді өзінің жас балалары үшін төлеуге міндетті. Себебі, ол баласының қамқоршысы әрі оларды асырап-бағушы. Сол себептен де осы жас балалардың мойнындағы садақа беру міндеті олардың әкесінің немесе оның орнындағы жанның міндеті. Пітір садақасын беру әрбір дәулетті мұсылман ер мен әйелге – уәжіп. Пітір садақаның мәнісіне келсек, жан басына берілетін бұл садақа ораза ұстау барысында жіберіп алған қателіктерімізді жуып-шаюға себеп болса, екіншіден, тұрмысы нашар жандарға жәрдемдесу. Сондай-ақ, пітір садақа беру арқылы пенде көптеген сауапқа кенелері сөзсіз. Биыл пітір садақа адам басына 500 теңге көлемінде болып бекітілді, – дейді «Оқшы ата» мешітінің бас имамы.
Қасиетті айда Тарауих намазы оқылады. Бұл Алла Тағаланың сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммед Пайғамбарымыздың намаз сүннеті. Бұл – орайда, Пайғамбарымыз: «Хақ тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болады», – деген хадисінде. Бұл – бекітілген сүннет. Сол сияқты сүйікті Пайғамбарымыз әрдайым істеген, сондай-ақ істеңдер деп өсиет еткен амалының бірі. Аталған намаз халифтер дәуірінен бастап оқылуда. биылғыжылы рамазан айы сәуірдің 2-сінен басталып, мамырдың 1-не дейін жалғасады және Қадір түні сәуірдің 27-нен 28-не қараған түні.
Айта кетейік оразада таңертең күнде ниет ету және ұйқыдан оянып, сәресіні ішу – сауап. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) хадисінде: «Сәресі тамағы – берекет. Бір жұтым су болса да, оны тастамаңдар. Өйткені Алла тағала сәресіде тамақтанғандарға рақымдылық етіп, періштелері де олар үшін кешірім тілейді» – деген. Ақшам намазын кешке ауызашардан кейін оқу да сауапты іс. Сонымен қатар «мен – оразамын» деу де сүннет. Егер біреу ораза ұстаушыға дауыс көтеріп сөйлесе, керіскісі келсе, «мен – оразамын» деп ескертуі тиіс. Қасиетті айда ұстайтын ораза баршамызға қайырлы, құтты болсын. Жасалынатын құлшылық, ғибадатымызды Алла Тағала қабыл етсін!
Ш.Тілеубаев