Ботабай каналы қайта іске қосылды

Қазақта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар. Осы ретте Тұрсынбай датқа ауылдық округінің әкімі Әзиз Сейітовтың ұйымдастырыумен ауыл жастары көктемгі егіске әзірлік мақсатында Ботабай каналын тазартты. Тұрмысының жақсарып, ауыл шаруашылығының дамуы аяқсуға да байланысты. Айта кетейік, каналдың сағасы топырақ пен қоқысқа толып іске аспай тұрғанына 20 жыл болған. Ағынсу мәселесі биыл да ерте көктемнен сөз болды. Ауыл басшысы Әзиз Сейітовтың айтуынша елді мекендегі тұрғындар тарапынан болған ең маңызды шаруалардың бірі осы еңбегін атап өтуге болады. Ауыл басшысы бұл мәселе шешіледі деп ел алдында уәде берген. Енді міне, айтылған сөз далада қалмай, 400 метрден асатын «Ботабай» каналы қайта қазылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Әрине, бұл игі істі Тұрсынбай датқа ауылының тұрғындары мен Қызылқайың, Айдарлы ауылының тұрғындары бірге жүзеге асырды. Соның ішінде жүйелі жұмысты жүргізуге білек сыбана кіріскен ауылдың ардагерлер кеңеңсінің төрағасы Ерім Маханбетов, аяқсу маманы Құрбан Аманжолов және ауыл тұрғындары Нұрлан Саржанов, Нұрымбет Аманжолов, Жангелді Яшкуров, Ғалымжан Зұлыпқаров, Әнуар Қожахметов сынды азаматтардың еңбегін атап өтуге болады. Енді Ботабай каналының табаны қоқыстан тазаланып, сағасы ашылып қайта іске қосылды.
Шапағат Тілеубай