Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАСИЕТ ҚОНҒАН «ҚАРА ДҮКЕН»

ҚАСИЕТ ҚОНҒАН «ҚАРА ДҮКЕН»

Жуырда ауыл аралап шыққан болатынбыз. Бағытымызды айқындап алып, Өркедеу ауылынан Бозкөлге дейінгі қоныстарда болдық.  Сырдарияны жағалай отырған ағайындардың тыныс-тіршілігімен таныстық. Ат басын арнайы бұрып, аялдаған жерлеріміз де болды. Соның бірі – Бозкөл ауылындағы "Қара дүкен" еді.
  Шыны керек, далалық мінезімізден бөлек, қазақ қоғамынан ұста, зергер, мүсінші, қолөнер шебері т.б. кəсіптер алшақтап баратыны жасырын емес. Ал байырғыларының көбінің қара дүкендерін ұрпақтары ұстап қала алмаған. Немесе қанмен берілетін қасиет жетпеген. Ал ізін қуушылар некен-саяқ.
  Біз айтқалы отырған ұстахананы ел арасында білмейтін жандар кемде-кем. Талай тылсымды жасырған киелі жержұрт аузында «Жален ата» аталып кеткен Жәлен Ерімбетұлыныкі екен. Бізді ұста атаның немересі Ләззәт Жәленова қарсы алды. Оныменде аз-кем сұхбат құрып, тілдесудің реті келді. Ләззат апайдың айтуынша, тылсымды бүккен ұстахананың иесі 1902-1982 жылдары өмір сүріпті. Халыққа қамқоршы болып, ел ісіне етене араласқан. Кіндігінен 7 бала өрбіген. Қазіргі таңда қара дүкенді атаның ең кіші немересі Аманат деген жігіт ұстап отыр.
Жалпы, кез-келген ұсталардың жұмыс орындары «Қара дүкен» аталып, жұртшылық қасиетті орын санайды. Оны халықта мойындайтынын жоққа шығармаймыз. Атаның ұстаханасы да пері аунаған жерге салыныпты-мыс.
  Ләззәт апайдың айтуынша Жәлен ата он саусағынан өнер тамған ұста болған. Бір қолы болмаса да бірталай бұйымдарды, зергерлік өнімдерді жасаған. Қолынан шыққан дүниелері ұстаханасында əлі күнге дейін сақтаулы тұр.
  Онымен қоса, Жәлен атаның тылсыммен де байланысы болған. Заманында ұстаның жалғыз өзінің көзіне көрінетін жанары қып-қызыл от боп жүретін бір үйір жылқысы һəм жыланы болыпты. Ұстаның жыланын ұрпақтары кешегі күнге дейін көрген. Жəлен ұстаның үйіне ішімдік ішкен адам келсе, ұзын қара жылан алдына жатып алып, ысылдайтын көрінеді. Сол жыланды көрген адам әп-сәтте талып қалады екен.
  Сонымен қатар, қара дүкеннің ішінде адам болмаса да кей мезгілдері тарс-тұрс еткен дауыстар шығып, өзінен-өзі абыр-сабыр болып жататын көрінеді.
  Ел ішінде "Қасиет қонған қара дүкен" аталып кеткен ұстаханаға ара-тұра еміне шипа іздеген түрлі науқастар келіп, дертінен құлан-таза айғып тұрады екен.
Есет ТАБЫНБАЕВ,
Қазалы ауданы
06 сәуір 2018 ж. 1 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031