Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа төраға сайланды

Жаңа төраға сайланды

Жуырда аудандық ардагерлер үйінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ жетекшісі О.Ысқақовтың төрағалығымен қоғамдық кеңестің жиыны өтті. Онда күн тәртібіндегі Шиелі ауданының Қоғамдық кеңес туралы ережесін және төрағасын бекіту, қоғамдық кеңестің төралқа мүшелерін тағайындау сынды үш мәселе қаралды.
Аудандық ардагерлер үйінде өткен Қоғамдық кеңес отырысына аудан әкімі Н.Әскербекұлы қатысып, қоғамдық кеңестің төрағалығына Қ.Бекішевті сайлады. Одан соң аудандық қоғамдық кеңеске төрағалық етіп келген П.Архабаев пен жаңа төраға Қ.Сейітбекұлы ағаларымыздың еңбек жолына тоқталды.
– Екі ағамыз да зейнеткерлік жасқа жетсе де, қоғамнан қол үзбей, аудан жұртының жоғын жоқтап, елдің елеулі тұлғаларының ортасында түйінді мәселелерді көтеріп келді. Ауданның таза ауыз суға, көгілдір отынға қол жеткізуі, көптеген әлеуметтік нысандардың бой көтеруі сынды жетістіктердің артында осы ағаларымыздың орасан зор еңбегі, азаматтық ұстанымдары жатыр десек артық айтқандық емес – деп, П.Архабаевқа дәстүрге сай шапан жауып, құрмет көрсетті.
Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық кеңестің жаңа төрағасына лайық деп Қ.Бекішевті тапты. Ол 1954 жылы 14 маусымда Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген. 1971 жылы М.Ломоносов атындағы орта мектепті бітіріп, аудандық тұтынушылар одағына жұмысшы болып еңбегін бастаған.
1972-1977 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақ политехникалық институтында» оқып, тау кен инженері мамандығын алып шығады. Ең алғаш еңбек жолын 1977-1978 жылдары Жамбыл тас ұнтақтау ­зауытында машинст болып бастайды. Одан соң 1978-1991 жылға дейін Шиелі аудандық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, аудандық халықтық бақылау комитетінің инспекторы, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Авангард» совхозында партия комитетінің хатшысы болып біршама қызметтерді атқарған. Ал кейіннен Ақмая ауылының әкімі, аудандық мәслихаттың бөлім меңгерушісі, «Альянс» ЖШС директоры қызметтерін абыроймен атқарған.
Жиында аудан әкімі Нариман Мақұлбеков аудандық қоғамдық кеңестің құрамында болып, азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы жасаған қажырлы еңбектері үшін кеңес құрамында болған бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде сайланған Қаблеш Сейітбекұлын қоғамдық кеңестің жаңадан жасақталған құрамымен, атап айтар болсақ ­Исабек ­Байкенжеев, ­Болат Күлімбет, Амангелді ­Абдрахманов, Тілеубек ­Бабасов, ­Алмасбек ­Есмаханов, ­Насырбек Мырзабеков, Нәйла ­Палымбет, Ғани Есімов, Болат Сыздық, Жібек Баймұратова, Мұхамедәлі Мақаш, Серікбай Берімбетов, ­Ербол Жеңсікбаев, Нұрболат Пірімбет секілді кеңес мүшелерімен алдағы уақытта бірлесіп, ел мүддесі үшін, жұмыла жұмыс жасауына сенім артып, сәттілік тіледі.

Ш.Тілеубай
17 наурыз 2022 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930