Тері бұйымдарды таңбалау туралы
ЕАЭО (Евразиялық экономикалық одағы) аумағында аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау жүйесі ресми түрде іске қосылғаны белгілі. Аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау – бұл тауарларға бақылау белгілерін жабыстыру. Оның мақсаты – қалыпты бәсекелестікті қолдау және жалған кәсіпкерлікпен күресу. Оның барысында аң терісінен жасалған бұйымдар саласында жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлер өздері үшін маңызды бірқатар сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады. Атап айтқанда, аң терісінен жасалған бұйымдарды сататын кәсіпкерлермен GS1 қауымдастығына кіру мүмкіндігіне ие болу үшін, таңбалау кезінде не істеу қажет, GTIN тапсырыс нөмірлерін қалай іске асырады, таңбалау жүйесін қалай қолдануға болады деген мәселелер.
Аң терісінен жасалған бұйымдарды іске асыру және енгізу, өндіруге байланысты аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау тек кәсіпкерлік қызметке қатысты жүзеге асырылады. Тауарларды таңбалауға қойылатын талаптар мына жағдайларда қолданылады:
тауарларды үшінші елдерден әкелу кезінде;
Қазақстан Республикасында аң терісінен жасалған бұйымдарды өндіру (тігу) кезінде;
трансшекаралық сауда кезінде (ЕАЭО-ға мүше елдерден әкелу/шығару);
комиссиялық сауда кезінде;
сатып алушылардан қайтарылған (ауыстырылған) тауарларға бақылау белгілерін қолдану кезінде;
жоғалған немесе бүлінген тауарларға бақылау белгілерін қолдану кезінде.
Кәсіпкерге Қазақстан аумағында таңбалауды іске қосқан сәттен бастап тауар айналымында тек қана бақылау белгілері жабыстырылған аң терісі бұйымдары ғана болуы тиіс екенін ескертеміз.
Экономикалық интеграция департаменті аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау жөнінде негізгі талаптарға қатысты аппараттық таныстырылым әзірледі.
Аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау кезінде кәсіпкерлер әрекетінің алгоритмі келесідей кезеңдерден тұрады:
1. GS1 Kazakstan қауымдастығына тіркелу;
2. Тауарларды GS1 жүйесіне қосу және GTIN нөмірін алу;
3. Таңбалау ақпараттық жүйесіне тіркелу (бұдан кейін – Таңбалау АЖ);
4. Таңбалау АЖ-де бақылау белгілерін алуға өтініш жазу;
5. Бекітілген бақылау белгілерін алу;
6. Аң терісінен жасалған бұйымдарға бақылау белгілерін жабыстыру;
Еске сала кетейік, кәсіпкер аң терісінен жасалған бұйымдарды тек оларға бақылау белгілерін жабыстырғаннан кейін ғана сатылымға қоя алады. GS1 Kazakstan қауымдастығы – бұл әлемнің 108 еліне таралған GS1 International ұйымының өңірлік өкілдігі болып саналатын ерікті коммерциялық емес қауымдастық.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер таңбалау АЖ-де бақылау белгілеріне тапсырыс
беруге мүмкіндік беретін тауарларға Global Trade Item Number (бұдан әрі-GTIN) сауда бірліктерінің жаhандық сәйкестендіру нөмірін алу үшін міндетті түрде қауымдастық құрамында болуы шарт. Мұндай процедуралар қорғанудың яғни, жасанды тауарлардан қорғанудың жоғары дәрежесі. Таңбалауды жүргізу үшін ең алдымен шартқа отыру керек және GS1 Kazakstan қауымдастығында GTIN нөмірін алу керек. Одан кейін екінші деңгейдегі эмитентке жүгіну қажет. Оның міндетіне бақылау белгілерінің дербестілігі кіреді. Үдеріс барынша ашық, egov.kz арқылы жүзеге асады.
Осы ретте кәсіпкер, тері бұйымдарын сатуға, оның ішінде көтерме сауда сатушыларынан соңғы өткізушілердің тері бұйымдарын қайта сатуды кезінде тек оларға бақылау белгілерін қойғаннан кейін шығара алатынын еске саламыз.
Жеке кәсіпкерлер ең алдымен GS1 Kazakstan қауымдастығымен келісім-шарт жасауы керек. Кез-келген кәсіпкер оңай өнімін таңбалай алады деп есептейміз. Тері бұйымдарын таңбалау процедурасы адал бәсекелестік, нарықты заңсыз сатылымнан қорғау, зияткерлік меншік құқығын сақтау, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту және бюджетке салық түсімдерін көбейтуге бағытталған, сондай-ақ, тұтынушы сатып алып жатқан тауарлардың шығу тегі жайында толық ақпарат алып, контрафактіден сақтанатын болады.
Тері бұйымдарын таңбалау http://markirovka.nitec.kz/сайтында жүргізіледі.
Туындаған сұрақтар бойынша Шиелі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының (мекен жайы: Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі,12) Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығына немесе 4-21-78 телефоны арқылы жүгінуге болады.
С.АЙТБАЕВА,
аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.