Сапалы таза күміс әшекейлер организмге пайдалы
Күмістің емдік қасиетін біздің ата-бабаларымыз ерте кезден білген. Күміс салынған немесе күмістен жасалған ыдыстардан су ішіп жүрсеңіз тістің қызыл иегін бұзылудан сақтап, организмдегі бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазалай аласыз. Әсіресе күміс қасықтарды қою тамақ жегенде пайдаланудың маңызы зор. Әсіресе, қасық жұмсақ қақтаған ақ күмістен жасалса. Сонда ғана оның иондары сумен бірге организмге сіңеді. Мұны күміс қасықтың шетінің «мұжылуы» айқын аңғартады. Пайдаланып жүрген күміс қасықтың шеті қаншалықты көп мұжылса, денеңіз күміс иондарын соншалықты көп сіңірді, пайдаланды деп түсінуге болады. Күмістің адам ағзасына пайдасы жетерлік. Айталық тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Егер күмістен жасалған әшекей бұйымдарды тағып жүргеніңізде қарайғанын байқасаңыз бірден дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс. Үлкен апамның айтуынша өт жолында ауру болса, күміс тез қарайып кетеді екен.
Дереккөз:qabylan.kz
Дереккөз:qabylan.kz