Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Партияның 7 басымдығы

Партияның 7 басымдығы

«Nur Otan» партиясының 1 наурыз күні кезектен тыс съезі өтті. Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқылана отырып, партия атауы "Аманат" деп өзгертілді. Партияның атауы ғана өзгерген жоқ, оның мәні мен жұмысының мазмұны да өзгермек. Бастысы, халықтың өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзіне айналатын әділ демократиялық қоғам құруға бет алу.
- Бұл жағдайда биліктегі партия қалайша өзгеріссіз қалмақ?! "Аманат" деген атаудың өзі - ата-баба мұрасын сақтап, оның құндылықтарын орындауды ғана білдірмейді, халықтың үмітін ақтап, мүддесін қызғыштай қорғауды көздейді-деп өзгерістер жайлы А.Күрішбаев өз ойын білдірді. Сондықтан, ең алдымен, бұл жаңарған партия халықтың сенімін қайтара алуы тиіс. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Партияның ребрендингі – оның атауын өзгертіп, маңдайшасын ауыстыру ғана емес. Бірінші кезекте - бүкіл партия ісін қайта құру», - деді ол.

Гүлдана ЖАҚЫПОВА,
Көкшоқы бастауыш партия ұйымының төрайымы
05 наурыз 2022 ж. 615 0