Жаңа Қазақстан. Жаңа Төраға. Жаңарған партия.
Күні кеше Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XXII Съезі өтті. Онлайн форматта өткізілген кезектен тыс ХХІІ Съезге Қызылорда облысынан делегат болып қатыстым.
Бәріміз үшін партияның жұмысын жаңғырутағы өзгеріс ол, партияның жаңа атауы «AMANAT» болып өзгеруі болды. Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді.
Сонымен қатар, Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту бойынша нақты 7 басымдық ұсынылып, Съезд делегаттарынан қолдау тапты. Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру; Партияластар арасында ынтымақтастықты арттыру; Партияның жұмысында ашықтықты арттыру; Партиялық бақылауды күшейту; Партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау; Халықтың әр түрлі топтармен жұмыс істеу; «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын жетілдіру бойынша алдағы уақытта жүйелі жұмыстар атқарылатын болады.
Жаңа Қазақстан. Жаңа Төраға. Жаңарған партия.
Жаңарған партия – Жаңа Қазақстанның ажырамас институттарының бірі дегім келеді.
Болат СЫЗДЫҚ