Сезьі өтті
1 наурызда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтті. Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланды.
«Партия съезінде аталып өткендей, бұл партия жұмысына үлкен ықпал етеді. Соңғы кездері партияның төңірегінде әртүрлі ақпараттар мен қауесеттер көп болды, біреулер тіпті таратылуы туралы айтты. Бірақ партия жұмылып өз жұмысын жалғастыруда.Бүгін партияның атауы ғана өзгерген жоқ, ең бастысы, оның мәні мен жұмысының мазмұны да өзгермек. Әйтпесе, басқаша болмайды! Біз елімізде жүйелі саяси трансформация жүріп жатқанын, олигархтардың экономикасы құлдырап жатқанын түсінуіміз қажет. Ең бастысы, біз халықтың өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзіне айналатын әділ демократиялық қоғам құруға бет аламыз.
Осы ретте Ақылбек Күрішбаев билік партиясы атауының «Аманат» болып өзгеруіне қатысты ойын айтты.
«Бұл жағдайда биліктегі партия қалайша өзгеріссіз қалмақ?! Аманат деген атаудың өзі - ата-баба мұрасын сақтап, оның құндылықтарын орындауды ғана білдірмейді, халықтың үмітін ақтап, мүддесін қызғыштай қорғауды көздейді. Сондықтан, ең алдымен, бұл жаңарған партия халықтың сенімін қайтара алуы тиіс. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Партияның ребрендингі – оның атауын өзгертіп, маңдайшасын ауыстыру ғана емес. Бірінші кезекте - бүкіл партия ісін қайта құру», - деді ол.
Айсұлу Сәрсенбаева
Партия белсендісі