2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұрат Шалабаев: «QOGAM TV» телеарнасын Қазақстан бойынша көруге мүмкіндік бар

Мұрат Шалабаев: «QOGAM TV» телеарнасын Қазақстан бойынша көруге мүмкіндік бар

Қызылорда қаласындағы «QOGAM TV» телеарнасы жерсеріктік телевизия OTAU TV пакетіне қосылды.
Телеарнаны бүгінгі күннен бастап, спутниктік «тәрелкесі» бар тұтынушы, республиканың кез-келген аумағынан көре алады.
«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде «Отау ТВ» жерсеріктік желісінде цифрлық көрсетілімдерге ашық қол жеткізу бойынша конкурс жарияланды. Аймақ бойынша ақпарат таратуға мүмкіндікті 4 жыл бұрын алған болатынбыз. Пандемия жағдайына байланысты бұл жұмыстар кейінге шегеріліп келді. Биылғы жылы аталған жұмыстарды қайта қолға алып, қазіргі таңда техникалық және құжаттама мәселелер шешімін тапты. Бүгінде телеарна «Отау ТВ» жерсеріктік желісіне қосылды. Енді біздің арнаны Қазақстан бойынша көруге мүмкіндік бар. Телеарнаны қазір қала тұрғындары ғана емес, республика халқы тамашалайтын болғандықтан, жоспарға сәйкес хабар кестесі жаңа бағдарламалармен толығатын болады», – дейді «QOGAM TV» телеарнасының атқарушы директоры Мұрат Шалабаев.
QOGAM TV телеарнасының ұжымын жаңа жетістікпен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
​https://kyzylorda-news.kz​​​
02 наурыз 2022 ж. 866 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930