Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

Қазақстанда республикалық рухани-ағартушылық бағыттағы MUNARA TV телеарнасы ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде 49-шы болып тіркелген телеарна Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылды, деп хабарлады ҚМДБ-ның ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі.
"Енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді", - делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ телеарна онлайн дәріс ұйымдастыруды, өзекті мәселелер төңірегінде тікелей эфирде жауап беруді жоспарлап отыр.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының MUNARA республикалық рухани-танымдық газеті бар. Келешекте MUNARA FM радиосын ашу жоспарланған.
Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламасында жазылған.
2020 жылдың қарашасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Асыл арнаның" жабылып, "Халық арна" телеарнасының ашылғанын мәлімдеді.


https://stan.kz
28 шілде 2021 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31