Театрдағы әдеби кеш
Қостанайдағы І.Омаров атындағы қазақ театрында Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, облысқа танымал жас ақындар мен театр өнерпаздары қатысты.
Еркін әңгіме түрінде өрбіген басқосуда Жазушылар одағы жергілікті филиалының төрағасы Жанұзақ Аязбеков Мұқағали мұрасының бүгінде бүтін ұлтқа ортақ рухани қазынаға айналғанын тарқата әңгімелей келіп, ақын шығармашылығының тақырыптық ауқымы мен өміршеңдігінің сырын сараптап талдап өтті.
Салиқалы әңгімеден кейін театр әртістері бірінен кейін бірі іліп әкетіп жатқа оқыған ойлы өлең-жыр керуені мен ақын сөзіне жазылған сырлы әндерге кезек берілді. Кеш барысында Абылай Мауданов, Жандос Жүсіпбек, Дәулет Жадырасын сынды дарындар да сөз алып, өз өлеңдерін оқыды.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әдеби басқосулар алдағы уақытта да жалғасын табады.
– Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өтіп жатқан бүгінгі рухани кештің маңызы ерекше. Негізгі мақсат – қаладағы әдебиетке бейімі бар жастардың басын қосып, рухани орта қалыптастыру. Бұл қатып қалған ресми түрде емес, осы ортаны іздеп келетін жастардың еркін шығармашылық ортасы болады деген ойдамыз. Мысалы, бүгін келу керек, осы ортадан табылу керек кісілердің бәрі болды, көңілден шықты. Енді мұндай әдеби кештерді ай сайын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Мәселен, келесі кешті Сейіт Кенжеахмет ағамызға арнасақ, театрдың кез келген жерінен орын табылады. Ең бастысы, жастар жанымен тілеп, іздеп келіп отыратын, келелі ой, сүбелі сөз айтылатын ортаға айналса деп ойлаймыз, – деді театр басшысы Әлімхан Мырзахан.
https://egemen.kz