Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұзбалақ ақын атындағы марапат

Мұзбалақ ақын атындағы марапат

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Алматы қаласында «Жырлайды жүрек» атты оқушылар арасында республикалық байқау ұйымдастырылды. Биыл жетінші мәрте өтіп жатқан дәстүрлі өнер сайысына еліміздің түпкір-түпкірінен 500-ге жуық талапкер бірнеше жанр бойынша сынға түсті.

Байқауға №206 Жиделіарық орта мектебінің даярлық тобының тәрбиеленушісі Гауһар Апбас «Көркемсөз» жанры бойынша қатысқан болатын. Ол мұзбалақ ақынның «Отан», «Арыз жазып кетейін» атты екі өлеңін нақышына келтіре жатқа оқып, өзімен бірдей бағын сынаған 30-ға жуық қатысушыдан оза шапты. Нәтижесінде Гауһар бас жүлдені қанжығалап, оны додаға қосқан жетекшісі М.Жарылқасынова мен мектеп директоры А.Өмірәлиев те марапаттан тыс қалмады.

Меруерт ЖАРЫЛҚАСЫНОВА


15 ақпан 2020 ж. 1 086 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 104

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031