ЕСЕП БЕРУ КЕШІ ЕСТЕ ҚАЛДЫ

Біз тамашалаған бұл есеп беру кеші өзге кештерден ерекше өтті. Аталған кешке аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов және кеш қонақтары қатысты. Шараның шымылдығын «Жеті нота» вокалдық хор ұжымы ашып берді. Онда патриоттық әндер, поэзиялық жыр-шумақтары келген қонақтарға керемет көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ мың бұралған бишілер биден өрнек салып, кештің көркін аша түсті. Атап айтар болсақ, Тасболат Ысқақовтың «Тойтолғауы, Нұрғиса Тілендиевтың «Көңілді бикеш» күйі күмбірлесе, «Ертегілер елінде» атты сән үлгісі коллекциясы барша көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Ескендір Хасанғалиевтың «Асыл Арман» әні сахнаның сәнін келтіріп, кештің көркін ашты. Одан соң, Меруерт Дүйсебайдың талантты шәкірттері және «Арман» би тобы мың бұрала биледі. Және де «Голд» квартеті мен Дәурен Беркімбаев әуелете ән салып, кешке келген барша қонақтар рухани азық алып, керемет әсерге бөленді. Кеш соңында «Арман» мәдениет үйінің директоры Нұргүл Шәлекеева кешке келген қонақтар мен қатысушыларға жылы лебізін білдірді.
С.СЕРІКҚЫЗЫ