Әр адам – бір кітап
Жалпы ел ішінде екі дәуірде тіршілік еткен, арадағы қиындықтармен қатар, еңбектің тәтті дәмін тата жүріп, зейнетін көрген, ісінде абырой, салмақ, сөзінде бәтуа бар таза журекті жандар аз емес.
Таратып айтсақ Кеңес дәуірінде дүниеге келіп, сол дәуірде оқу-білімді игеріп, заман талабына сай туған ел, жерге деген ыстық ықыласымен әлі күнге дейін беріле қызмет етіп жүрген ел ағалары мен аналарының тобын көптеп кездестіреміз. Кешегі өрімдей жігіттер мен қыздардың бұл күнде 70-тің иығына мініп, біріне әке-шеше біріне аға-апа деген қастерлі сөзге тән барлық қасиет бойынан молынан табылатын кісілердің жанымызда жүргені бір ғанибет емес пе? Сөзімізге арқау болатын жанды алыстан іздемей-ақ, ауыл ішінде жүріп абыройға бөленген азамат жайында сөз өрбіткенді жөн көрдім. Ол сөзге сараң, мінезге бай, сабырлы жүзінен шуақ шашып тұратын ісіне бекем Алғабас ауылында кіндік қаны тамған, бар өмірін сол ауылдың өсіп өркендеуіне арнаған Бекен (Бекбай) Нұғманов. «Математиктер әулетінен» шыққан – ол белгілі инженер/гидромелеоратор.

Бекен 1951 жыл Алғабас ауылында (бұрынғы Ленин атындағы колхоз) дүниеге келіп, 1968 жылы мектеп бітіре салып бірден оқу іздемей ауылдағы шеберханада токарь болып жұмыс істейді. Еңбекке енді кіріскен бозбала әскерге шақырту алып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Әскери міндетін өтеп қайтқаннан соң 1974 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтына түсіп, 1979 жылы инженер-гидромелиоратив мамандығын алып, өз ауылында бас гидротехник болып қызмет атқара бастайды. Дала жұмыстарына жасынан көзі қанып өскен Бекеннің тыңғылықты, жауапкершілікті бірінші кезекке қоя білуі оның колхозда көп жетістіктерге жетуіне ықпалын тигізеді. Егіс даласының әр ойымен қырын жатқа білетін іскер маман екенін таныған колхоз басқарма бастығы Т.Апбасов партия ұйымының хатшысы Ш.Қалымбетов №6 өндіріс бригадасының бригадирі етіп тағайындайды. Ол жылдары Ленин атындағы колхоз қай салада болсада алдына жан салмай бәйгенің алдын бермей жүрген кездері еді. Бекеннің де тасы өрге домалай бастады. Күріштің әр гектарынан 50 центінерден өнім алып алға шықты. Бекен еңбегінің бағасын алды. Екі дүркін ауылдық кеңестің депутаты, «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Үздік бригадир» деген марапаттарға ие болды. Сөйтіп жүріп жекешелендіру де басталып кетті. 1998 жылдан «Телікөл» шаруақожалығын ұйымдастыру, басшылық жасау Бекеннің еншісіне тиді. Еңбеккерлердің де таңдауы солай болды. Жаңадан ұжым ұйымдастырудың қиындықтарына қарамастан 38 отбасының әлеуметтік жағдайын жасауда бел шеше кірісті. Тіршілік үшін дамылсыз тырбаныс бірінші кезекте әлеуметке көңіл бөлуге бастаған ісі нәтижесіз болған жоқ. Әрбір отбасын отынмен, ауыз сумен қамтамасыз ету, 40-45 мыңнан ақшалай көмек беріп, жанашырлық танытуы азаматығының бір көрінісі болатын. Алғашқы жылдың өзінде ақ күріштің әр гектарынан 42 центнерден келтірсе, жаздық бидай мақсары дақылдарынан да межелегендей өнім алды. Әрбір отбасына 0,5 га гектардан көкөніс егетін жерін дайындап, суын жеткізіп отырғызуды да өз мойнына алды. Бірлік бар жерде тірліктің болары анық. Бұл тұрғыда ұжым мүшелері жаткашы Темірәлі Арыстан, тасымал көлігінде Сырлыбай Сыздықов, дәнекерлеуші Тәбибі Тілесовтердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде ұжым аяғынан тік тұрды. Нұғмановтарды ел ішінде математиктер әулеті деп тегін айтпаған. Бекеннің әкесі Өтеу анасы Нәзипада осы ауылға 40 жылдан астам еңбегі сіңген колхоздың есеп қисабын жүргізген жүйрік есепшілер. Балалары Бекеннен бастап математика пәнінен дес бермейтін, қазіргі таңда барлығы дерлік осы пәннің жетік мамандары. Азаматтың өмірдегі жетістіктер биігінен көрінуде отбасы, оның ішінде әйел ананың қолдауы ерекше орын алады. Жұбайы Зәбирада Сәрсенбаева құр алақан емес еді. Ауылдағы «Балауса» балабақшасында меңгеруші қызметін атқарған жылдары алған асулары мен жеткен жетістіктері үшін республикалық, облыстық, аудандық көптеген марапаттарға ие болды. 1988-1989 жылдары ауылдық кеңестің депутаты болған мерзімдерін де елдің ішкі жұмыстарына оны ретке келтірудегі ықпалы оң нәтижелерін беріп отырды. Отбасында бір ұл, екі қыз тәрбиелеп, олардан он немере көріп, бұл күндері кішіге ақылшы үлкенге ілтипат көрсетіп отырған математиктер әулеті құрмет төрінен көрініп жүр. «Әр адам – бір кітап» деген тәмсіл адамдар өмірінің өткенімен бүгінін саралап, ғибратымен тағылымын бағалағаннан туған өрелі ұғым. Бекеннің тектілігі өз алдына азаматтығымен принципшілдігі, алдына бір мақсат қойып, оған жетудегі жігер қайраты өз жемісін берді. Соның айғағы ауыл тұрғындары ел ағасы деп үлкен құрметпен қарап, мақтан тұтады.
Айжамал Әбдіхамитқызы,
газетінің штаттан тыс тілшісі
газетінің штаттан тыс тілшісі