Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғылымға бет бұрғандар қатары көбейіп келеді

Ғылымға бет бұрғандар қатары көбейіп келеді

Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан жас ғалымдарға қолдау шаралары қар­қын­ды қолға алынды. Бұған жас зерттеушілердің жобаларына арналған бөлек грант пен жыл сайын «Жас ғалым» жобасы аясында шетелдік ғылыми ұйым­дарда тағылымдамадан өтуге берілген мүмкіндік дәлел бола алады. Соның нәтижесінде Қазақстанда кейінгі 2 жылда жас ғалымдардың саны көбейген.
Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2018 жылы ғалымдар саны 8 мыңнан асыпты. Ал 2021 жылдың қорытындысы бойынша ғылым саласында 9 200 жас қызметкер еңбек етеді.
Аталған ведомствоға қарасты Ғылым ко­митетінің төрағасы Жанна Құр­манғалиева: «Жастардың ғылым саласына келуі оларды қызықтыратын тиімді жағдайдың жасалып жатқанын білдіреді. Жас зерттеушілерді қолдау мақсатындағы мемлекет қабылдаған шаралардың нәтижесінде ғалымдар саны артты. Ғылым саласын бюджеттен қаржыландыру соңғы 2 жылда 2 есеге жуық өсті. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Егер бұрын гранттар конкурсы 3-5 жылда бір рет өткізілген болса, қазір олар жыл сайын өткізіледі. Есеп беру азайды, бюрократиялық кедергілер жойылды. Жас ғалымдар үшін жеке гранттар қарастырылған. Магистранттар мен докторанттардың стипендиялары айтарлықтай артты. Жас зерттеушілерге арнайы сыйлықтар тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Осылайша, жас ғалымдардың ғылыми идеялары мен әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр», дейді.
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) ғылыми қызметкері Руслан Әбітаев – отандық «QazVac» вакцинасын әзірлеуге қатысқан жас ғалымдардың бірі. Ол аталған институттағы Бақылау, биологиялық технологиялар зертханасында жұмыс істейді. Жас зерттеуші зертханада вакциналардың қауіпсіздігі мен иммуногенділігін тексереді. 28 жас­тағы Руслан жас ғалымдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қол­дау­ды сезінетінін жеткізді.
«Анам – мұғалім, мектепте биологиядан сабақ береді. Ол әрдайым ғылым туралы қызығушылықпен айтатын, мені зертханаға ертіп апарып, микроскоптарды көрсетті. Бұл бағыт мені қатты қызықтырды. 9-сыныпта БҚПҒЗИ туралы естідім. Сол кезде ғылыммен айналысып, дәл сол институтта жұмыс істеймін деп шештім. ҚазҰУ-да оқып жүрген кезімде жыл сайын институтта зерттеу тәжірибесінен өттім, ал ЖОО-ны бітіргеннен кейін мені осында жұмысқа қабылдады. Мен жас ғалым ретінде мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды сезінемін. Бес жыл бұрын қызмет жолын БҚПҒЗИ-да зертханашы ретінде бастаған едім, қазір ғылыми қызметкермін. Осы уақыт ішінде жалақым айтарлықтай өсті», дейді Р.Әбітаев.
Жақында БҚПҒЗИ жанынан халық­ара­лық стандарттарға сәйкес заманауи құралдармен жабдықталған биофар­ма­цевтикалық зауыт салынды. Сонымен қатар институттың қызметкерлеріне арнап көпқабатты үй де пайдалануға берілген. Жас ғалым Р.Әбілтаев та БҚПҒЗИ қызметкері ретінде су жаңа үш бөлмелі пәтердің кілтін иеленді. Ол елімізде ғылыми қызметпен айналысатын жастарға жақсы жағдайлар жасалып жатқанына, соның нәтижесінде қазір қатарының айтарлықтай көбейіп келетініне қуанышты.


https://egemen.kz​​​
02 ақпан 2022 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930