Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бір ауыл-бір өнім» жобасы бойынша оқыту басталды

«Бір ауыл-бір өнім» жобасы бойынша оқыту басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкерлерді «Бір ауыл-бір өнім» жобасы бойынша оқыту басталды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.

Жапониядан келген сарапшы «Бір ауыл-бір өнім» (БАБӨ) жобасы аясында үш күндік онлайн-тренинг барысында ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту тәжірибесімен бөлісті.
Тренинг барысында Қырғызстандағы JICA БАБӨ жобасының жетекшісі Харагучи Акихиса «Бір ауыл-бір өнім» тәсілін қолдана отырып, қолда бар жергілікті ресурстарды пайдалана отырып, тауарларды өндіру әдістері, өнімді жылжыту және сапаны бақылау техникасы, брендинг, сондай-ақ Қырғызстандағы БАБӨ қозғалысының тарихы туралы айтып берді. Тренинг Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ), Азия Даму Банкінің (АДБ), өңірлік Іскер әйелдер кеңестерінің, JICA жергілікті офисінің (Жапон Халықаралық ынтымақтастық агенттігі) өкілдерінің, сондай-ақ БАБӨ жобасының бастамашыл топтары көшбасшыларының қатысуымен өтеді, - делінген хабарламада.
Қазақстанда «Бір ауыл - бір өнім» жобасы 2021 жылғы 12 қарашадан бастап іске қосылды және еліміздің 4 өңірінде: Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Азия Даму Банкі мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының техникалық және қаржылық қолдауымен іске асырып жатқан «Ковид-19 пандемиясына қарсы күрестегі Қазақстан үшін ынтымақтастық қоры» жобасы шеңберінде пилоттық режимде іске асырылуда, - деп мәлім етті баспасөз қызметі.
Жоба ауыл тұрғындарын бизнеске тарту және қажетті өндірістерді ашуға бағытталған. БАБӨ Қазақстандық моделі пилоттық режимде өңірлерде неғұрлым перспективалы жобаларды анықтауға және жергілікті ШБС-тің қосылған құндарының қолданыстағы өндірістік тізбектеріне: шаруа қожалықтарына, өндірістік кәсіпорындарға ендіруге негізделетін болады.

29 қаңтар 2022 ж. 489 0