Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

«Дені сау баласыз, елдің келешегі жоқ», - деген  Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Ия, еліміздің келешегі, ертеңі-біздер, жас ұрпақ. Қазіргі уақытта отбасымен, достарымен ренжіскендерді өз ортасына бейімдеп бір сәттік реніштің соңын өмірін өксітетін жағдайға айналдырып жіберіп жататынын бейнебаяндардан көріп жүрміз. Кімге керек? Не үшін қажет сол көп шөп? Бір сәттік ашуға берілмей сабырмен ойланса, есірткіге байланған әр адам өз келешегі жайлы «көлеңкелі» уақыттарға соқтықпас еді. Әркім өзі үшін жауап беріп, істеген істерінің ақыр соңы қалай боларын ойланып барып істеуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақтың болашағы жарқын, дені сау болары хақ.
Өкінішке орай, есірткі кең тарап жатыр. Есірткі, біреуге - қайғы, біреуге - пайданың көзі. Қазір есірткі тарату жүйесін бақылауға алу қиын. Бірақ мүмкіндік бар. Мемлекет қарамағында түрлі пайдаланатын технологиялар ойлап табылып жатыр, алайда дәл осы есірткіге қарсы жана технологиялар ойлап табу соншалыкты қиын ба? Қиын дегенге сену қиынырақ...
Өмір-адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Сол себепті, бүгініңмен қоса ертеңіңді де ойла жас ұрпақ!                        
Дені сау ұрпақ-елімнің басты байлығы,
Өр рухты қазақ, тәні сау ұрпақ айбыны.
Нашақор, көк шөп, есірткі деген құрысын,
Өсейік көрмей,  есірткі салар қайғыны.
Елбасы айтқан, қазақтың рухты ұланы,
Спортты сүйіп, таза ұста ой мен сананы.
Өзіңді шыңда, қолыңда түгел өмірің,
Қырандай болғын қияда ұшқан қырағы.
Адамзат баласына есірткіге жол жоқ!

#есірткігеқарсы, #противнаркотиков

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің
10-сынып оқушысы Қуанышқызы Мөлдір
26 қаңтар 2022 ж. 231 0