Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің ғалымдары Флейшман медаліне ие болды

Еліміздің ғалымдары Флейшман медаліне ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ғалымдары сел қауымдастығының жоғары бағасы — Флейшман медалін алды. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Селдің жаңа зерттеу басқармасының негізгі құрамы, осы саладағы еңбек сіңірген және тәжірибелі мамандар. Солардың қатарында техника ғылымдарының докторы — Роза Каюмовна Яфязова мен география ғылымдарының докторы, профессор — Борис Сергеевич Степанов бар. Тәжірибелі мамандардың еңбегі, селевед ғалымдарының жоғары бағалауымен — сел саласындағы ерен еңбегі үшін Флейшман атындағы медальмен марапатталды. Оған қоса, гидрологиялық қызмет ардагері, ғылым кандидаты — Всеволод Викторович Голубцов та осы сыйлыққа ие болды - делінген хабарламада.
Осындай мамандардан тұратын басқарма құру, селдерді болжау жөніндегі жұмысты жоғары кәсіби деңгейге көтереді деген сенімдеміз. Ал бұл өз кезегінде, халықты сел туралы ескертуге, барынша дәл мүмкіндік береді. 
Естеріңізге салсақ, осыдан бұрын біз Қазгидрометтің Ғылыми-зерттеу орталығында, сел қаупі бар кезеңде (мамырдан қыркүйекке дейін) кеңес беретін, ұзақ мерзімді болжамдар, нөсер және жауын-шашын салдарынан пайда болатын, сел туралы дауылды ескертулерді жасайтын, сел процестерін зерттеу және болжау басқармасы ұйымдастырылды.
24 қаңтар 2022 ж. 584 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031