Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдан шыққан ғалым қыз

Ауылдан шыққан ғалым қыз

Білім мен ғылымның даңғыл жолына түсіп оның тереңде тұнық суынан нәр алған, ауылдағы ұстаз отбасынан шыққан Ажартайдың (оның азан шақырып қойған аты Бибіажар болатын) Болмысы, білімге деген құштарлығы бар өмірін осы жолға сарп еткен қазақтың өр тұлғалы, үлкен жүректі қызы туралы көпшілік назарына жеткізе отырып, ұлықтау әрбір ғылым мен білімнің қадір-қасиетін білетін көзі ашық көкірегі ояу жандарды толғандырып жүрері анық.
Бибіажар Жарасқызы Сейдахметова 1943 жылы маусым айының 23 жұлдызын­да дүниеге келген. Жасынан зерек ол алты жасында мектеп есігін ашып, 1959 жылы аудан орталығындағы №45 Октябрьдің XIV жылдық атындағы орта мектепті бітірді. Сол жылы Қызылордадағы Гоголь атындағы педогогикалық институттың химия-биология факультетіне түсіп, химия-биология мамандығын 1964 жылы үздік бітірді. Ол №157 Алғабас орта мектебінде өз мамандығы бойынша сабақ берді. Аудандық комсомол комитетінде мектептер ісі жөніндегі сектор меңгерушісі болып, бірнеше жыл еңбек еткен соң Қазақ ССР Ғылым академиясының аспирантурасында оқыды. 1976 жылы «Астрагүлінің химиялық мутогендердің әсерінен өзгеруі» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын өте жақсы қорғап, биология ғылымдарының кандидаты деген атаққа ие болды.
ҚазССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ауыл шаруа­шы­лығы ғылымдарының докторы, профессор Е.Х.Үзембаев биология ғылымдарының докторы, профессор И.А.Раппопорт кандидаттық жұмысын жоғары бағалады. Бибіажар Жарасқызы ҚазССР Ғылым акаде­миясының ботаникалық бағында аға-ғылыми қызметкер болып ұзақ жылдар еңбек етті. ҚазССР халық шаруашылығы жетістігі көрмесінің дип­ломымен марапатталды.
Сочиде өткен бүкілодақтық симпозиумде баяндама жасаған кезде жер-жерден келген қатысушылар қазақтың қызын орыс тілін өте
сауатты игергеніне таңдана ұзақ қол ұрғанын ғылыми жетекшісі Үзенбаевтың қуанышында шек болмай Алматыға келгенде үлкен жиында
баяндап берген екен. Ол өз ісіне берілген адал, жылы жүректі жан болды. Өмірінің соңғы жылдары Алматы автомобиль жол құрылысы институтында химия лабораториясының меңгерушісі болып жұмыс жасады. Бибіажар Жарасқызы мінезге бай, көпшіл, адамгершілік асыл қасиетті өмірінің алтын қазығы санаған ұлтжанды азамат еді. Оның халқымыздың рухани имандылығы мәдениеті үнемі толғандыратын. Ол Алматыда қанша жылдар тұрса да облыстық және аудандық газеттерге үзбей жазылып ел жаңалығынан хабардар болып оты­­ратын. Жер жаңалықтарымен сусындап, өзі де осы газеттерге аула тазалығы, ауланы көгалдандыру, гүл өсіру, гүлдің күтімі денсаулыққа пайдасы туралы мақала жазып тұрды. Аудан, ауыл мектептерімен мекемелерге келіп лекция­­лар оқып тұратын. Алматыдағы жоғарғы оқу орындарында оқыған ауыл жастарына жан-жақты қолына келген көмегін аямайтын. Ағайын-туысқа өте бауырмал, кішіпейіл, қоғамшыл болды. Халқын ылғи да қуаныш, жоғары мәдениет пен талғам үстінде көргісі келетін және бүкіл саналы өмірінде соған атсалысты.
Тағдыр. Әркімге әр түрлі бірінің артында ұлы, бірінің артында қызы қалып ұрпақ жалғастығын тауып жатса, Ажартайдың өмірінің жалғасы, өмірден алған үлесі інісі Сейітбаттал.
Осындай, ғылым жолына берілген
аяулы қыздарымыздың атын өшірмей оның тұла бойы тұнып тұрған дарынын үлгі ету азаматтық парызымыздың бірі болар еді.

Айжамал Әбдіхамитқызы,
еңбек ардагері.
Алғабас ауылы.
12 тамыз 2018 ж. 1 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930