Қызылордалық қос компания «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары атанды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіпкерлерге сапа саласындағы «Алтын сапа» наградасы табысталды.
Қызылорда облысынан екі компания жеңімпаз деп танылды. Олар:
Сыйлық «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» деген 4 аталым бойынша беріледі.
https://kyzylorda-news.kz
Қызылорда облысынан екі компания жеңімпаз деп танылды. Олар:
- «Азық-түлік және\немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Абай Дәулет» ЖШС.
- «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясымен бойынша «Алтын Орда» ЖШС.
«Жалпы «Алтын сапа» сыйлығына қызылордалық кәсіпкерлер жыл сайын белсенді қатысып және жеңімпаздар қатарынан көрініп келеді. Биыл байқауға қатысуға 4 кәсіпорын өтінім берді: «Абай Дәулет» ЖШС, «Алтын Орда» ЖШС, «МИР-2001» ЖШС және «Сана сезім» ЖШС. Бүгін екі бірдей компаниямыз жеңімпаз атануда. Қуаныштымыз! Құттықтаймыз! Кәсіпкерлер палатасы аталмыш компаниялардың құжаттарын әзірлеуде тұрақты әдістемелік көмек көрсетіп келеді», – дейді шараға онлайн қатысұан Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.Қызылорда облысынан өткен жылдардағы жүлде иегерлері:
- «РЗА» АҚ («Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын») – 2014 ж.;
- «Абзал и К» ТС («Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын») – 2017 ж.;
- «Мағжан и К» ЖШС («Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін үздік кәсіпорын») – 2019 ж.;
- «SKZ-U» ЖШС («Үздік инновациялық жоба») – 2019 ж.