Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды


Өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы байқау-көрмесі өтті. Биыл байқаудың өңірлік кезеңіне 50-ден астам отандық тауар өндіруші қатысуда. Байқау аясында кәсіпорындардың көрмесі ұйымдастырылып, онда қатысушылар даму жетістіктерін таныстырып, өндірілетін тауарлар мен қызмет түрлерінің желісін ұсынды. Үздік кәсіпорындар үш негізгі аталым бойынша анықталды: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлар». Шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Атамекен» ҚР ҰКП байқауларды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова, Алматы облысы Өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова, Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов және бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов кәсіпкерлерге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. «Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жұмыс орындары ашылуда, қазынаға салық түсіп, жаңа мектептер мен ауруханалар салынуда. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестен түскен салық мөлшері 43%-ға жетті. Бүгінгі көрмені аралау барысында облысымызда барлық салалар қарқынды дамып, заманауи компаниялардың пайда болып жатқанына көзім жетті», - деді Амандық Баталов. Байқау қорытындысы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша Іорын «Алюгал» ЖШС, ІІорын «КазТекИнвест» ЖШС, ІІІ орын «Dolce Pharm» ЖШС иеленді. «Үздік азық-түлік тауарларф» аталымында І орынмен «Сұнқар»Алматықұсфабрикасы» ЖШС,ІІорынмен «Danone Berkut» ЖШС, ІІІ орынмен «Шин Лайн» ЖШС марапатталды. Жеңімпаздарға марапаттарды облыс әкімі Амандық Баталов табыстады. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында үздік болып «Kagazy Recycling» ЖШС танылды. ІІ орын «Алматинская Матрасная Фабрика»ЖШС берілсе, ІІІ орын «Дархан МНМ» ЖШС табысталды. Сонымен бірге ағымдағы жылы «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын» атты қосымша аталым тағайындалып, үздік компаниялар марапатталды. Бұл номинация бойынша І орын «Строитель» ЖШС, ІІорын «Idea» дизайн студиясына, ІІІ орын «InSmart» компаниясына берілді. «Қазіргі таңда Жетісу жерінде 110 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Жыл сайын кәсіпорындардың көрсеткіштері мен мүмкіндіктері артуда. «Қазақстанның үздік тауары» байқауы барлықтарыңыздың жеңімпаз, үздік екенін көрсетіп, Алматы облысы өндірушілерінің экономикалық әлеуетін танытты», - деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директорыНариман Әбілшайықов. Еске салсақ, «Қазақстанның үздік тауары» байқауын 2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпкерлердің өндірген өнімінің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру, облыс нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту мақсатында тағайындаған болатын. 2015-2016 жылдары Алматы облысы кәсіпорындары арасында республикалық деңгейде «Рыбпром» ЖШС («Үздік азық-түлік тауарлар», 1 орын), «Алматы бояулары» ЖШС («Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», 3 орын) жеңімпаз атанды.
Massaget.kz
02 шілде 2018 ж. 1 450 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 41

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031