Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "ҚР ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

"ҚР ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында 2017 жылы алғаш рет «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсы ұйымдастырылған болатын.
Ағымдағы жылы бұл шара өз жалғасын тауып, аталған конкурсты өткізу мемлекеттік қызмет істері органдарының 20-жылдығын мерекелеумен ұштастырылды.
Осы ретте, Агенттіктің ресми интернет-ресурсында
үстіміздегі жылдың 15 ақпанында «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы туралы хабарландыру жарияланды.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: өңірлік (облыстық) және республикалық деңгейде.
Бірінші кезеңді Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанында құрылған арнайы өңірлік конкурстық комиссия өткізеді.
Құжат қабылдау ақпан айының 15-нен бастап наурыз айының 15-і аралығында жүргізілді. Конкурсқа қатысуға өңіріміздің 13 мемлекеттік қызметшісі ниет білдіріп, өз құжаттарын ұсынды.
Байқаудың кейінгі кезеңі, кандидаттың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін тестілеуге 10 азамат қатысып, 7 үміткер белгіленген шекті мәннен жоғары баллға қол жеткізді.
Өңірлік комиссияның бүгінгі отырысында кандидаттың ахуалдық мәселені шешу қабілеті бағаланды.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
12 сәуір 2018 ж. 1 079 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930