«Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау басталды
Елордада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы жарлығы бойынша «Алтын сапа» сыйлығы конкурстық негізде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін берiледi.
Сыйлық жыл сайын үш номинация бойынша үш санатта тағайындалады. Олар: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
«Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;
«Азық-түлік тауарларын немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын»;
«Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын».
Әр номинация бойынша мынадай cанаттар бойынша үш жүлде беріледі:
Шағын кәсіпкерлік субъектісі;
Орта кәсіпкерлік субъектісі;
Ірі кәсіпкерлік субъектісі.
«Алтын сапа» сыйлығы байқауына Қазақстан Республикасы аумағында қару-жарақ және әскери техникаларынан басқа тауар өндірумен, қызмет көрсетумен айналысатын, мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын, оңалту және банкроттық рәсімдерді жүзеге асыруға жатқызылған ұйымдардан басқа жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
https://egemen.kz