Тәуелсіз елдің ұстазы тәубешіл болуы тиіс
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы» – деп Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, ұлтты тәрбиелейтін басты тұлға, ол – ұстаз. Мұғалім тек мектептің ғана жаны емес, ол – ұлттың жүрегі.
Егемен еліміздің алдыңғы қатардағы озық мемлекеттермен иық тірестіруі үшін қоғамның барлық саласын жандандырып, түбегейлі өзгерістер енгізуіміз керек. Осы бір межеден көріну үшін мемлекет саясаты жаңа талаптарға басымдық беріп отыр. Соның ішінде білім мен тәрбиенің маңыздылығын арттырып, болашақ ұрпаққа заман талабына сай білім беруді негіз етіп алып отыр. Бүгінгі күні білім берудің жаңа жүйесі жасақталып, озық әдіс-тәсілдер мен үлгілі тәжірибелер қолданылып жүр. Жаңаша әдістер өз кезегінде бәсекелік қабілеті мол, білім деңгейі жоғары, шығармашылық потенциалы зор оқушыларды тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік береді.
Егемен еліміздің алдыңғы қатардағы озық мемлекеттермен иық тірестіруі үшін қоғамның барлық саласын жандандырып, түбегейлі өзгерістер енгізуіміз керек. Осы бір межеден көріну үшін мемлекет саясаты жаңа талаптарға басымдық беріп отыр. Соның ішінде білім мен тәрбиенің маңыздылығын арттырып, болашақ ұрпаққа заман талабына сай білім беруді негіз етіп алып отыр. Бүгінгі күні білім берудің жаңа жүйесі жасақталып, озық әдіс-тәсілдер мен үлгілі тәжірибелер қолданылып жүр. Жаңаша әдістер өз кезегінде бәсекелік қабілеті мол, білім деңгейі жоғары, шығармашылық потенциалы зор оқушыларды тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік береді.
Жаһандану дәуірі білім саласына біршама өзгерістер әкелді. Бұрыннан қалыптасқан оқу үлгісінің формациясына ерекшеліктер енгізіп, мектептегі оқытуды жаңаша бағытқа бұрды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады», – деген еді. Міне, Елбасының бұл сөзінен бүгінгі күні білімнің аса маңызды екенін аңғаруға болады. ХХІ ғасыр өзінің жаңа тұрпатымен енуімен қатар, мұғалімнің жұмысына да едәуір жаңалықтар енгізген еді. Қазіргі таңда педагогтар тек білім мен ғылымы игеруі жеткіліксіз. Сонымен қатар ол бүгінгі заман талабына сай техникаға да жетік болуы керек. Мұғалім сабақты түрлі дамыған технологиялар арқылы жүргізіп, оқушының таным деңгейін арттыра түсуі қажет. Сондай-ақ, тәуелсіз елдің ұстазы ізденуші, технолог, зерттеуші, өнертапқыш, информатор, новатор секілді қызметтерді де меңгеріп, жаңашыл әрі тың бағытта жұмыс істеуі аса маңызды.
Бүгінгі күнгі ұстаздың алдына қойылар талап пен міндет өте көп. Қазіргі заманғы педагогтің басты міндеті – бүгінгі қоғамның қажетіне жарай алатын, жоғары мәдениетті меңгерген, өресі биік, білімі жоғары, жан-жақты жас өскіндерді дайындау. Ұстаз атана білу деген сөзді сол есімді қадір тұту, бойтұмарыңдай жүрегіңе сақтау деп ұққан жөн. Шын педагог өз жұмысын сүйеді, кәсібіне адалдықпен қарайды. Бір қарағанда, мұғалім қатардағы мамандықтың бірі секілді көрінеді. Алайда, ұстаз ұлттың болашағын тәрбиелейді және оларды қалыптастырады.
Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Бұл мамандықты жан жүрегіммен таңдап, бүгінгі күні оқушыларға білім мен тәрбиені қатар беріп жүрмін. Өз сабағымды жүргізуде мен жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамын, себебі, оқушылар тақырыпты тез меңгеру үшін заман талабына сай дүниелерді ұсына білуіміз керек. Оларға тек теория жүзінде ғана емес, сонымен қатар жинаған білімін практикалық тұрғыда ұштай білген жөн. Бұл өз кезегінде оқушының білімін толықтыруына, бекітуіне үлкен әсер етеді. Міне, мен білім беру кезінде осы мәселелерді назарда ұстаймын. Бұл шәкірттер үшін таптырмас дүние.
Бүгінгі күні мұғалім мәртебесінің биіктеп, бұл мәселе заң жүзінде қолға алынып жатқаны белгілі. Соған байланысты ұстаздардың жалақысы да өсіп, олардың жұмысына біршама жағымды жаңалықтар енген еді. Сонымен қатар мұғалім болудың талабы да күшейе түсті. Бұл өз кезегінде ұлт тәрбиесін мойнына алған ұстаздың міндетін де, жұмысын да жүйелей түспек. Себебі, жаңадан қолданысқа еніп келе жатқан классификация білікті мамандарды ғана іріктеп шығармақ. Бұл ұлт болашағын қалыптастыруда тәуелсіз елдің ұстаздарын саралауға көмектеседі. Сондай-ақ, шәкірт тәрбиелеу ісінде де білікті де білімді мұғалімдердің ықпалы арта бермек.
Тағы бір айта кететін мәселе – білім жүйесін жандандыру мақсатында мемлекетіміздің саясаты педагогикалық мамандықтарға басымдық беріп жатыр. Осыдан біршама жыл бұрын мұғалімдікке түсетін талапкерлердің саны өте аз еді, себебі, мемлекеттік грант аз бөлінетін. Ал, қазіргі таңда бұл мәселені ескеріп, тиісті орындар педагогикалық мамандыққа деген грант санын көбейте түсті. Аталған шешім осы мамандыққа қызығушылық танытқан жастарға үлкен серпін болды. Олар өздері қалаған осы кәсіпке бар ынта-жігерімен араласып, тәуелсіз елдің жан-жақты мұғалімі болу үшін барын салуда.
Кезіндегі ұлы ғұламаларымыз: «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл сөздің өзектілігі әлі күнге дейін жойылмады. Баланың болашақ өмірінде ұстаз берген өнеге мен өсиеттің арқалар жүгі өте ауыр. Бала мектеп жасында қандай білім алса, кейінгі өмірінде сол білімнің арқасында қызмет етеді. Елдің ертеңі болу да, халықтың қамын жеу де осы ұстаздардың іс-әрекетінен көрінеді. Бүгінгі жаһандану дәуірінде оқушыға сапалы білім беріп, оны практикалық тұрғыда қолдана алсақ, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Міне, бүгінгі күні тәуелсіз елдің ұстазына қойылар талап пен міндеттер осындай күрделі. Ал, осы күрделі де қиын мамандықты игеріп, ұлт болашағын қалыптастырып жатқан ұстаздардың жұмысы жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Сондықтан, тәуелсіз елдің ұстазының білімді де білікті оқушыларды қалыптастыруда атқаратын істері де едәуір.
Айнұр Мамбетбаева,
№206 «Жиделіарық» орта мектебінің мұғалімі
№206 «Жиделіарық» орта мектебінің мұғалімі