Шет тілін білген шет қалмайды
XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деудің еш әбестігі жоқ. Ата-бабамыздан қалған асыл сөз дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында «Болашақ кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру, білім секторының экспорттық әлеуетін көтеру, озық технологияларды енгізу – бүгінгі уақыт талабы» делінген. Бұл орайда, «Тілдің үштұғырлылығы» жобасының да мәні зор, маңызы жоғары.
«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, ағылшын тілінің бүгіні мен болашағы жайлы сөз қозғамақпыз бүгін. Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Осы ретте, ағылшын тілі мамандарының алар орны ерекше.

Қазіргі қоғамның өзін ағылшын тілінсіз елестету қиын. Елбасы атап өткендей, алдыңғы қатарлы елдердің бірі болу үшін ағылшын тілінің мәні зор. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тілді жетік меңгеруді, қастерлей білуді мақсат етіп қою керек. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты болуға, тіл үйренуге талпыну қажет. Бұл жастардың болашағының ғана емес, тұтастай ұлттың болашағының жарқын болуының кепілі.
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тәуелсіз қазақ елі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтып отыр. Олай болса жаһандық бәсекеде бәсіміз түгел болу үшін шет тілін білу шарт.
Ұлдана ДОШАН