КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ЕҢ СҮЙІКТІ ҚАРУЫ НЕЛІКТЕН САДАҚ БОЛҒАН?!
Садақты Австралияның аборигендерінен өзге, күллі адамзат ұлыстары біледі, тым ерте заманнан-ақ қолданған. Сондықтан тап басып, садақты алғаш ойлап тапқан мынау мекеннің адамдары деп айту қиын іс. Десе де, неміс ғалымдары садақты жазықтың тұрғындары ойлап табуы мүмкін деген теория айтып жүр. Бекер емес: жер бедері жар-жықпылға толы Африка, Еуропаны мекен еткен ежелгі адамдарға садақтың қажеті болмады. Жықпыл-жықпылмен жасырын келіп, аңға найза сүңги алатын. Ал, Сарыарқа секілді мидай жазықта аңға жасырын келу мүмкін емес. Аңды алыстан атып алу үшін садақты дала жұрты ойлап табуы мүмкін.
Сонымен, ең алғашқы садақтар осыдан 5 мың жыл бұрын пайда бола бастады. Мылтық шыққанға дейін бұл ату қаруының 150-ге жуық түрі өмірге келді. Осы көптің ішіндегі ең ерекшесі – көшпенділердің құранды садағы. Басқа садақтар берік ағаштан қалың яки ұзын етіп жасалуымен ғана өзгешеленсе, түріктердің адырнасы – жай ағаштан ғана құралмай, бірнеше компоненттен тұрған. Құранды садақтың екі басы, белі әртүрлі ағаштан жасалып, иіні серпінді болу үшін мүйіз, белі берік болу үшін сүйек қабаттастырылып, өн бойы тарамыспен шандып байланады, сырты қайыңның тозымен қапталады.Садақтың басқа емес, Ұлы Дала да алғаш пайда болғанын бабаларымыз да тасқа таңбалап кеткен. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің Шиелідегі Қаратауға барсаңыз, тасқа таңбаланған «жебе», «садақ тартып тұрған салт атты адам» бейнелерін айқын көресіз. Сол белгілер, керек десеңіз, қазіргі қазақ руларының тайпа-таңбасы. Әне, садақтың авторы біз дегенге бұл да бір заттай дәлел. Еуропалықтардікі сияқты ұзын сырық емес, 24 бөліктен құралған құранды садақ біздікі. Қарағайды иіп, серпілісі сұмдық болу үшін таутеке мүйізін балық желімімен жабыстырған. Енді осындай сұрапыл садақтың оғы қанша алысқа ұшты екен?

2006 жылы 6-сыныптың тарих оқулығына: «Ғұн-Көк Түріктердің садағы 1 мың метрге дейін жетті» деген ақпарат түскен. Скептиктер (сыншылар), көшпенділер тарихына сенбейтіндер ду ете қалды: «Калашников автоматының тікелей атқан оғы 1 километрге әзер барады. Адам күшімен атылатын, қарабайыр садақ қалай ғана жебесін мың метрге жеткізеді? Өтірік!» деп, қарсы уәж келтірген болды. Сөйтсе, 1980-ші жылы түріктің ғалымы, құранды садақты атып, тәжірибе жүргізіпті. Сол кезде атқан оғы шамамен 900 метрге дейін ұшып барған, – деседі. Біздің тарихшылар әлгі тәжірибеге сүйеніп, әрі иран-қытай ақпаратын арқа тұтып, әлгіндей мәлімет жазған болып шығады. Иә! Көшпенділердің құрамалы садағына, 5 мың жыл бойына бәсекелес болар ату қаруы жер бетінде болмаған.
Арман Жұмаділов, тарихшы-этнограф: – Иә, көшпенділердің құрамалы садағынан бөлек ағылшын жұртында да алысқа ұшатын 2 метрлік садағы бар. Оны тартқан кезде, садақ кіресіне (жібіне) 35 кг салмақ түсіреді екен. Көп садақшылар тартқан кезде иегіне дейін тартады. Біреулер құлағына дейін тартады. Ал, түріктер келесі иығына дейін тартады. Сөйтіп 45 градуспен жіберсең, ағылшынның садағы 200 метрге емін-еркін тікелей ұшып барады.Ал, түрік мергенінің 45 градуспен жіберген 90 келілік тартылу күші бар жебесін қанша метрге ұшырады. Мың қадамға жетуі де мүмкін, деген пікір келтірген. Қылыштасуға жете алмай, талай жау арманда кеткен. Солай...
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ