ҰЛТТЫҚ САНАҚ ҰПАЙ ТҮГЕНДЕЙДІ
Қазан айында тұтас бір мемлекеттің ішкі болмыс-бітімі, халықтың тыныс-тіршілігі таразыға тартылатын тарихи сәт күтіп тұр. Бұл халық санағының аяқталуына да аз күндер қалды дегеннің белгісі. Елімізде он жылда бір рет өткізілетін Ұлттық халық санағы еліміз егемендік алғалы бері осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Үш он жылдықта жеткен жетістігіміз болса, жіліктеп жіпке тізетін, кеткен есеміз болса, кері бұрылып кем-кетігін айқындап алатын сәт бұл. Әрине, халқымыздың барын бағамдайтын бұл санақ өз дәстүрінен жаңылмағанда 2019 жылы жүргізілуі тиіс еді. Алайда, 2020 жылға белгіленді. Кейіннен пандемеяға байланысты президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғары кеңес ұлттық санақ 2021 жылы өткізілетіндігі туралы шешім шығарды. Осылайша, Ұлттық санақты өткізудің сәті биыл келген болатын. Осыған байланысты ұлттық санақтың жүргізілу барысы жайындағы сауалдарымызға жауап алу үшін біз Шиелі аудандық статистика бөлімінің басшысы Қожамжарова Алтынкүл Құрбанқызымен сұқбаттастық.
– Алтынкүл ханым, сәлеметсіз бе? Қазіргі таңда еліміз үшін маңызды халық санағы жүргізілуде. Ұлттық санақтың ұлт көрсеткіші үшін алар орны қандай?
– Сәлеметсіз бе! Иә, Ұлттық санақ еліміз үшін айырықша маңызды рөл атқарады. Ең алдымен ол жалпыға бірдей қамту мен ауқымды бағдарламаның арқасында – тұтастай ғана емес, оның әрбір әкімшілік-аумақтық бірлігінің халқы туралы әртүрлі ақпараттың баламасыз көзі болып табылатындлығымен айқындалады. Халық санағы жұмыс орындары, еңбек ресурстары туралы толыққанды көрініс береді. Сондай-ақ еліміздің демографиялық және әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Ұлттық санаққа қатысатын әрбір респондент мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге елеулі үлесін қосады.

– Биылдан бастап Ұлттық санаққа жаңашылдық енгізіліп, санақ жүргізуші мамандардың жұмысын әлдеқайда жеңілдеткен болатын. Яғни, 2021 жылдап бастап халық санағы онлайн режимде жұмыс істейтін порталды іске қосқан болатын. Онлайн жүйе жайлы не айта аласыз?
– 2021 жылдың жаңашылдығы – заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процессті автоматтандыру. Енді, халық санағының деректерін жинау процессі бізде екі әдіспен жүзеге асырылады. Бірінші әдіс – sanaq.qov.kz мамандандырылған президент сайттында интернет сауал жүргізу болып табылады. Ол виртуалды көмекшінің көмегімен респондеттердің орналасқан жеріне қарамастан өздігінен санақтан өтуге және өзімен отбасы мүшелеріне санақ парағын толтыруға мүмкіндік береді. Сайт 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болды. Ал, екіншісі жаппай дәстүрлі аралау форматында жүргізілуде. Бұл формат онлайн режимде сынақтан өтпеген респондеттер арасында өткізіліп жатыр.

– Онлайн санақта тұрғындардың дені сауланама толтыру кезінде бірнеше түсініксіз сұрақтарға тап болғаны белгілі. Мәселен, әел адамдарға «алдағы уақытта бала жоспарлау ойыңызда бар ма?» деген сияқты сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Одан бөлек, басқа да ойға кіріп-шықпайтын сауалдар бар. Бұл жайлы не дейсіз?
– Сұрағыңыз орынды. Ең әуелі мен мұндай сұрақтар Қазақстан Республикасында дайындалмағанын айтқым келеді. Бұл халықаралық санақ болғандықтан, сауалнама да шет елдің нұсқаулығы бойынша дайындалады. Айта кететін болсам, 2020 жылғы раундтағы халықтың ұлттық санақтарын өткізу кезінде санақ парақтарына қосу үшін көрсеткіштерді айқындау тәсілдерін салыстыру мақсатында ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің әдіснамалық материалдары пайдаланылды. Санақ парақтары 87 сұрақтан тұрады. Яғни 67 қарапайым сұрақ және 20 нақтылаушы сұрақтар. Ал. 2009 жылғы халық санағына қарағанда тілдерді меңгеру, неке жағдайы, бала туу және жұмыспен қамту сұрақтары кеңейтілді. Сондай-ақ, Вашингтондағы БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы бойынша жаңа сұрақтар енгізілді. Олардың мақсаты халық санағын жүргізу кезінде пайдалануға жарамды мүгедектік критерийлеріне ерекше назар аудара отырып, денсаулық сақтау статистикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесу болып табылады.

– Ал, сауалнама толтыру кезінде респондеттің жеке сәйкестендіру нөмірі жазылады. Өзіңіз білетіндей, ЖСН арқылы жүйге кірген сауалнама толтырушы барлық ақпарат көзіне қанық бола алады. Яғни, құпия дереккөздері ашылады. Бұл қаншалықты қауіпті. Қорқыныш бар ма?
– Респондент сауалнама толтыру кезінде арнайы берілген құпия сөзді жазу арқылы өзінің жеке парағына кіре алады. Сондықтан қорқынышты ештеңе жоқ. Мұның барлығы арнайы заңдастырылған.

– Елді мекендерді аралау кезінде әлдебір қиындықтар кездесті ме?
– Негізі дәл қазіргі уақытта онлайн жүйе өз жұмысын тоқтатуы тиіс еді. Алайда, халыққа тағы да мүмкіндік беріліп, цифрлық бағдарламалар министрлігі онлайн жүйені тоқтатпауды дұрыс деп тапқан болатын. Бұл тұрғындарға берілген үлкен мүмкіндік. Ал, елді мекендерді аралауға келер болсақ, қазіргі таңда ауданда бұл жұмыстар тиісінше атқарылуда. Осы жұмыс бойынша бізге арнайы мамандар жұмылдырылады. Жалпы, ауданда 14 нұсқаушы-бақылаушы 45 күнге, ел арасын аралайтын 91 сұқбатшы 30 күнге жұмысқа алынды. Сұқбатшылардың жұмысын оңайлату үшін арнайы планшеттер үлестірілді. Дегенмен де үй-үйді аралау кезінде түрлі қиындықтарға тап болғаны жасырын емес. Кейбір азаматтардың үйлерін ашпай қойып, аулаға кіргізбей қойған кездері де көп болды. Тұрғындар арасынан үйлері жабық, немесе басқа жерге қоныс аударғандары да табылды. Біз бұлардың ешбірін назардан тыс қалдырмаймыз. Егер үйлерін ашпаған азаматтар болса, әкімшілікке олардың тізімін беру арқылы аудандағы инспекторлар арқылы аталған тұрғындарды тауып жатырмыз. Ал, ауданда «халық санағына мүлдем қарсымын» деген азаматтарды кездестірген жоқпыз.

– Санақшыларға арнайы планшеттер үлестірілді дегеніңізге қарағанда, олардың да жұмысы айтарлықтай жеңілдеді деп ойлаймыз. Солай ма?
–Жұмыстың оңайы жоқ. Негізі санақшылардың үй-үйді аралап, әрбір тұрғындармен сұқбаттасуы оңай жұмыс емес. Дегенмен де олардың жұмысы оңайландырылды. Бұрындары қағазбастылық көп болды. Әрбір тұрғындарға санақ парақтарын беретінбіз. Ол парақтарды біз қолдан көбейтетінбіз. Ал, қазір қызметкерлерге арнайы планшеттер таратылады. Мамандар сауалдарды сол планшеттерге басады. Алынған ақпараттар VPN арқылы бізге жетеді. Сол жерден тіркелген мәліметтер автоматты түрде көрінеді.

– Қазіргі таңда ауданда сауалнама толтырып, халық санағынан өткен қанша тұрғын бар. Өтпегендері қанша?
– Аудан бойынша 15 қазанға дейін 83842 халықтың 64,6 проценті онлайн санақтан өткізілді. Ал, үйлерді аралап оффлайн режимінде сауалнамадан өткен азаматтар саны – 28220 адамды құрап отыр. Әлде де бұл екі форматтағы санды нақтылайтын боламыз. Себебі, кейбір азаматтардың онлайн жүйенің басын бастап, аяқтамай қалуы да мүмкін. Міне, сол үшін оларды әлі де нақтылап, онлайн форматы дұрыс өткізілмесе, қайтадан оффлайн өткізетін боламыз.

– Дәл қазіргі уақытта ауданда халық санағынан түгелдей өткен ауылдар бар ма?
– Әрине бар. Біз санақ жұмысын 22 ауылдық округтерді аралау бойынша бітірдік. Бірақ, ол әлі нақтыланған жоқ. Толықтай санақ жүйесінен өткен ауылдарды атап айтар болсам, Жиделіарық, Қоғалы, Жаңатұрмыс, Еңбекші ауылдық округтері өз деңгейінде санақ жүйесін жақсы өткізген болатын.

– Ал, елді мекендерді аралап, қажырлы қайратпен, аянбай тер төккен, өз жұмысын тиянақты атқарған санақшылар бар ма? Бар болса, атап айтсаңыз.
– Аудан бойынша, бізде 14 санақ учаскесі оның ішінде 101 тіркеу учаскесі құрылды. Осы 101 тіркеу учаскесінде 1604 тұрғын үймен 83842 адамды санақтан өткізуіміз керек. Осы жоспарымызға сәйкес, 14 санақ учаскесінде 98 санақшымыз өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ең әуелі мен қазіргі таңда зейнетке шыққан аудандық статистика бөлімін басқарған Нәжмедин Балтабайқызы, сондай-ақ Света Жолдасова, Бахриддин Диқамбай атты әріптестеріме өз алғысымды айтқым келеді. Олар зейнеттік демалысқа шықса да, еліміз үшін әлі де еңбек етіп, ауыл-ауылдарды аралап, нұсқаушы қызметін атқарып жатыр. Одан бөлек, халық санағын жүргізу кезінде тиянақты жұмыс жасай білген нұсқаушы-бақылаушыларды да атап өтейін. Олар Нұржан Әбдірашев, Ботакөз Қуандықова, Ақтолқын Сәрсенбаева, Жанерке Айтбек, Бахриддин Әбдіхаймов, Жансая Бимаханова, сондай-ақ санақшы қызметін атқарған Айзада Сардарбекова, Шолпан Таңсықбаева, Сахидам Рахидинова, Балнұр Сақабай, Ардақ Темірбай, Көркем Молдашева, Ғалия Ибрагим, Айған Молдағараева, Гүлнәр Жүсіпбекова сынды қызметкерлердің елеулі еңбегін, халық санағының өтуіне үлкен үлес қосқандығын атап айтар едім.

– Сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан
Сымбат СҰЛТАН
Сұқбаттасқан
Сымбат СҰЛТАН