101 СҰҚБАТШЫ, 15 НҰСҚАУШЫ БАҚЫЛАУШЫ ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛМАҚ
Шиелі ауданында халық санағының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы Шиелі ауданының Статистика басқармасының басшысы Алтынкүл Құрбанқызы мәлімдеді. Оның айтуынша алғашқы кезең 2021 жылдың 1-30 маусым аралығында жүргізілген. Аталған уақыт аралығында тұрғынжайлар, тұрғын үйлер, ғимараттар және тұрғын емес үй жайлар тізімдері жасалған. Сондай-ақ, аудан бойынша 15 тіркеу учаскесі бекітіліп, оның 7-еуі Шиелі кентінде құрылған. Бұл жұмыстарға жұмыссыздар есебінде тұрған жастар, студенттер тартылған. Ал, санақ бөліміне Шиелі ауданының статистика ғимаратынан орын беріліп, барлық қажетті жабдықтармен қамтылған. Санақ онлайн режимінде, және планшеттермен жүргізілетіндіктен, әрбір учаскілер компьютермен, яғни интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Ұлттық санақтың 1 кезеңінде Шиелі ауданы бойынша тұрғын үйлер мен тұрғын емес ғимараттар саны 17096, нақты аралау нәтижесінде 17967 тұрғын үйлер мен тұрғын емес ғимараттар болды, яғни жоспарланған межеден 871 тұрғын үй мен тұрғын емес ғимарат артық 105,0 пайыз орындалды. Атап айтатын болсақ ең көп меже мен нақтылау айырмасында алшақтық Шиелі кенті бойынша 150 үй, Бидайкөл елді мекені бойынша 226 тұрғын үй, Ы.Жахаев елді мекенінде 88 тұрғын үй артығымен орындалған.
Қазірдің өзінде халық санағының негізгі кезеңіне дайындық басталып кеткен. Бұл кезең 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткізіледі. Санақ уақытында аудан бойынша 833 тұрғынға 1 сұқбатшы, яғни 101 сұқбатшы, 15 нұсқаушы бақылаушы жұмысқа тартылмақ. Санақ 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында онлайн режимінде, 1-30 қазан аралығында планшет құрылғысымен жүргізіледі.
Халық санағының нәтижесінде халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламалары әзірленетіндігін, сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдер қабылданады.
«Өскен өңір» ақпарат