Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі қашан қала болады?

Шиелі қашан қала болады?


Шиелі облысымыздың экономика, өнеркәсіптік салаларында алдыңғы қатардан табылып жүрген жетекші ауданның бірі. Шиеліні қала дейтіндер де көп. Бірақ қала болу үшін бізге әлі көптеген өзгерістер керек.
Алғашқысы, әрине, халық санына байланысты. Бірақ сол халық қалаға тарта жөнелмей, елге қоныстануы үшін тиісті жағдай жасау маңызды. Тиісті жағдай деп отырғанымыз жаңа тұрғын үйлер соғу мен ауданның инфрақұрылымын дамыту, жұмыс орындарын ашу.
Бала күнімізде ауыл мен қаланы ажырататын ең басты ерекшелік осы көп қабатты тұрғын үйлер секілді көрінетін. Қазір әрине, жағдай өзгерді. Ауданда көп қабатты тұрғын үйлер, сауда нысандары мен әлеуметтік нысандар салынуда. 2020 жылдың 12 айында облыс бойынша 603,2 ш.м. болатын тұрғын үй пайдалануға берілді десек, Шиеліде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 пәтерді құрайтын 1 үйдің құрылысы жүргізілген. Биыл тағы 18 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалға берілетін үйлер де баршылық ауданда. Былтыр облыс бойынша жалға берілетін 25 үйдің құрлысы жүргізілген болса, соның 5 үйі Шиелі ауданының үлесінде екен. Бұл 5 үйде 5,2 мың ш.м метрді құрайтын, 90 пәтер бар.
Несиелік тұрғын үйлердің салынуынан да аудан алдыңғы қатарда. 2020 жылы облыс бойынша аумағы 13,2 мың ш.м құрайтын 57 үйдің құрлысы жүргізіліпті. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 2 үй, Арал, Қазалы, Жалағаш аудандарының әр қайссында 10 үйден салынған. Ал жалғыз ғана Шиелі ауданының өзінде 1,7 мың ш.м құрайтын 25 үйдің құрылысы жүргізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын тапса, ауданымызда бірнеше жылдың ішінде тұрғын үй мәселесі шешілеріне сенеміз. Мұндай жағдайда, диплом арқалаған білімді жастар Шиеліге табан тіресе, ауданның қалаға айналар күні де алыс емес шығар.

Рамазан Бектұрғанұлы
29 наурыз 2021 ж. 518 0