Санақ сапаны анықтайды
Жуырда Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келгендігі туралы сүйінші хабар тарады. Бұл халық санының көрсеткіші – халық санағының маңызын көрсетеді. Осыған байланысты облыс әкімдігінің баспасөз орталығында Облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Нұрқабылова брифинг берді.
– 1-30 маусым аралығында ұлттық халық санағының I кезеңіндегі тұрғынжайлар, тұрғын үйлер, тұрғын ғимараттар және тұрғын емес үй-жайлар тізімдерін нақтылау жұмыстары толығымен аяқталды. Санақтың I кезең жұмыстарында 4 мамырдан 42 нұсқаушы, 25 мамырдан бастап 24 нұсқаушы-бақылаушылар және 1 маусымнан 164 сұқбатшылар уақытша жұмысқа тартылып, оқыту жұмыстары жүргізілген. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қоғамның қауіпсіздігі үшін халықпен тікелей байланысты көздейтін 230 санақ персоналының 66-сы вакцина еккізгендер. Санақтың I кезеңдегі мәліметтерін уақытылы жинақтау мақсатында қала, аудан әкімдері тарапынан кезекші машиналар ұйымдастырылып берілген. Сондай-ақ, І кезеңдегі сұхбатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әрбір санақ учаскелеріне облыстық ішкі істер департаментінің учаскелік инспекторлары бекітіліп, бірлесе жұмыстар атқарады.
– Санақты жүргізуге қала, аудандарда санақ бөлімдеріне қажетті құрал жабдықтармен қамтылған (компьютер, телефон, үстел, орындық) мектеп және жергілікті әкімдік ғимаратының ішінен 25 жұмыс кабинеттері уақытша бөлінді, – деді Г.Жеткергенқызы.
Кезекті ұлттық халық санағы жұмыстарының II кезеңінде 1113 адам уақытша жұмысқа тартылатын болады. Уақытша жұмысқа жасы 18 ден жоғары, бастамашыл, жауапты, тез тіл табысатын, компьютермен жұмыс жасай алатын Қазақстан Республикасының азаматы қабылданады. Жұмыс өтіліне және кәсіби біліміне талаптар қойылмайды. Өздеріңізге белгілі, биылғы өтетін халық санағы электронды форматта өтуімен ерекшеленеді. Сондықтан да, әрбір учаскілер компьютермен, яғни интернет желісімен қамтамасыз етілуі тиіс. Санақтың II кезеңі 1 қыркүйектен – 30 қазан аралығында жүргізіледі. 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz мамандандырылған сайты арқылы онлайн режимде, 1-30 қазан аралығында планшет құрылғысымен өтеді.
Жер шарының негізгі байлығы – адам. Қай мемлекеттің демографиялық ахуалы жақсы болса, сол елдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы тұрақты. Яғни саннан сапа шығады деген сөз. Сондықтан көптеген мемлекеттер халық санының артуына барынша күш салады. Біздің еліміз де ықылым заманнан бері қайтсек санымызды арттырамыз деп болашағына алаңдаумен келеді.
«Өскен өңір» ақпарат