Көше атауларына көңіл тола ма?
Аудан орталығы мен аудан аумағындағы ауылдарда көркі көз тартатын сәулетті ғимараттардың саны артып келеді. Дегенмен, ауданның ажарын кетіріп тұрған ескі аялдамалар мен көше атауларының әркелкі жазылуы сынды мәселелер ерекше назар аудартпасқа қоймады. Тұлғалардың есімі берілген көшелердегі адамның аты-жөні жазылған.
Иә, автобус аялдамаларының абаттандырылуы ұсақ мәселе сияқты көрінгенімен, күнделікті тіршілікте қоғамдық көлікке мінетін әркімнің-ақ алдынан шығатын елеулі жайт екені сөзсіз. Шиелінің шақырайған күнінен, жиі болып тұратын желінен, жауын-шашынынан қорғайтын ықтасын бастырмалардың күйі мәз емес. Жел гулеген, жауын-шашын сорғалаған шұрқ-тесік аялдамаларды кездестіреміз. Бастырмасы шағын, орындықтары шолақ, сынғандары да аз емес. Ықтырма орнатылмаған аялдамалар да кездеседі. Аялдамаларда тоқтайтын автобус та, мінетін жолаушылар да көп, бірақ, ол жерлердің аялдама екендігін автобустардың тоқтап өтетіндігінен ғана білесіз. Мәселен, «Береке» маркеті, Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі сияқты жерлерде аялдама жоқ, жол бойында орналасқандықтан аталған мекемелердің атын айтып жолаушылар түсіп кете береді.

Ауданды аралаған адам бейне кең байтақ елімізді аралап келе жатқандай сезінеді. Қазақстан өңірлерінің, жер-су, өзен-тауларының көшелерге қойылған самсап тұрған атаулары осыншама киелі жердің кіндігі – Елорда, ал есімдері көшеге берілген азаматтар осы елдің Елтұтқасы деп тұрғандай. Тарих та, таным да, тәрбие де қамтылған тамаша іс. Дегенмен, осындай көрнекті істің көркін кетіретін жайттар да баршылық. Көше атауларының біркелкі болмауы кімді де болса қынжылтады. Бірі үлкен, бірі кішкентай. Тақташалардың бірінде тақтайшада толық жазылса, келесісінде қысқартылып жазылған, тіпті кейбір көше атауында адамның тегі ғана бар. Аудандағы А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов сияқты басқа да көшелерді бойлай жүрсеңіз, осындай әркелкілік көзге ұрып тұр. Көше қиылыстарындағы сілтеуіштер де барлық жерде кездесе бермейді.
Өкінішке орай, мұндай кемшілік еліміздегі талай қала, аудан, елді мекендегі көше атауларының жазылуында орын алып отыр. Сонда көше атауларын жазып ресімдеудің бүкіл елге арнайы бекітілген ортақ ережесі болмағаны ма?! Бұл жергілікті әкімдіктердің өз білгендерінше емес, сірә, Үкімет деңгейінде ресімдейтін мәселеге айналып отырғаны осыдан шығар.
Осы мәселеге жауапты мекемелер аталған кемшіліктерді ертерек түзесе, нұр үстіне нұр болар еді..
Нұрай ҚАЛЫШБЕК