Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау жігер сыйлады

Жолдау жігер сыйлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын жариялап, Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі басымдықтары: пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму; денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру; сапалы білім беру; өңірлік сая­­сатты жетілдіру; еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру; саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау; ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың бас­ты факторы мәселелерін қозғады.
Президентіміздің маңызды және нақты тапсырмалары, ең алдымен, халықтың әл-ауқатының деңгейін ғана емес, педагог мәртебесін арттыруға да бағытталған. Жолдауда көтерген мәселелердің ішінде білім саласын, оның ішінде ұстаздарға деген қолдауын ерекше атап өткім келеді. Пандемия жағдайында білім беру жүйесінің алдына маңызды міндеттер қойылды.
Президент мұғалімдерді қолдау және ынталандыру үшін оларды мемлекеттік бюджет есебінен бес жылда емес, үш жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу керектігін тапсырды. Сонымен қатар, 2025 жылдың соңына дейін оқушылар үшін орын тапшылығын азайту мақсатында мектеп құрылысының көлемін 800-ден 1000-ға дейін арттыру тапсырылды. Бұл аталған бастамалар халықтың сауаттылық деңгейін көтеретіндігіне сенімдімін. Білім жүйесі дегініміз өткен ұрпақтың келер ұрпаққа деген мұрасы. Сол мұраны жеткізетін ерекше әлеуметтік байланыстар. Сондықтан біз ұстаздың мәртебесін қоғамда нақтыламай, білім жүйесінде үлкен жетістіктерге жету қиын деп білдік.

Айман Мырзаханова,
№152 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
15 қазан 2021 ж. 432 0