Тарихи таным – тілшілік пайым
Бабадан мирас болған ұланғайыр атамекенімізде пенденің түсінігінен тысқары, тылсым күшке толы қасиетті орындар жетерлік. Өткенге екпін беріп, өшкенді қайта жаңғыртқан Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы тарихқа қайта жан бітірді. «Дүниеде, тарихта туған елден артық ел бар ма? Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?!.» деген атақты Асан Қайғы бабамыз кіндік қаны тамған жер мен елден артық жерұйықты таппаса керек. Бірақ, бүгінде қасиетті жердің қадірін біліп, лайықты бағасын бере алмай жүрген жайымыз бар. Әйтпесе, шетін қусаң шексіз, тарихы тереңге жайылған, жұмырбасты пенденің санасына сыйымсыз, жұмбағы Жаратқанға ғана аян жерлердің бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласынан 60 шақырымдай жырақта орналасқан Үкаш ата зираты дер едік.
Журналистік жолсапарымыздың бастауын газеттің 12 қазан күні жарыққа шыққан №81 санынан оқыған боларсыздар. Бүгін аңызда Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың сенімді серігі әрі күзетшісі болған Үкаш ата жайлы тарқатпақпыз. Оқ атса өтпейтін, қылышпен шапса кеспейтін батыр баба болмысын аңыз-әфсаналар осылай бейнелейді. Әулие басына барар бағытты «Түркістан медиа холдингі» ЖШС басқарушы директоры Тельман Бейсен бастап барды. Үкаш ата кесенесіне бас сұқпас бұрын, әуелі сол жолда орналасқан Ерқоян сахаба қабіріне тоқтап, құран бағыштағанды жөн көрдік. Ол Серт ауылынан 8 шақырымдай жерде орналасқан. Ерқоян Үкаш атаның ең сенімді серігі болған деседі. Сондықтан, бұрын зиярат етушілер Ерқоянға түнемей, Үкаш атаға келмейді екен. Үкаш ата тірі кезінде оған келушілер әуелі Ерқоянның алдынан өтіп, кейін Үкаша атаға жолыққан көрінеді. Біз де бұл үрдістен жаңылмай, әуелі Ерқоян сахаба қабіріне кідіріп, Құран бағыштадық.

Халық арасында айтылатын аңызда «Үкаша ата сахаба Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың замандасы, сенімді серігі әрі күзетшісі, Ислам дінін таратушы болған. Жергілікті тұрғындар «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жауырынының астындағы мөрді сүйгеннен кейін Үкаша сахабаның денесіне атса оқ, шапса қылыш өтпеген». Осы әңгіме ел арасында кеңінен тараған. Үкаша сахабаның арғы атасы Мұхаммедтің қауымдарына, үмбеттеріне, дінін жалғастырушыларына Алла тағала көп жеңілдіктер беретінін кітаптан оқиды. Сол кітаптарда жазылғандай, «Өткен жүз жиырма мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз пайғамбардың қауымдарын қияметте өзім сұрауға аламын, анасынан туғаннан өлген күніне дейін жауап бергіземін, ал соңғы пайғамбар Мұхаммедтің қауымдары, қай күні, қай жаста тәубаға келсе, мен сол күннен бастап анасынан жаңадан туғандай етіп, бүкіл күнәсін кешіп жіберемін. Қиямет қайымда Мұхаммед Мұстафа саллалаһу алейки уассалам (с.а.у.) өз қауымына шапағатшы, жаннатқа кіруіне жәрдемші болады», дейді Алла тағала.
Үкашаның бабалары кітаптан соны оқып: «О, шіркін, соңғы пайғамбар Мұхаммедтің қауымына үмбет болып сол заманда неге туылмадық екен, қиямет қайымда Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатымен жаннатқа кірер едік», деп арман қылып отырып, қалғып кетіпті де түс көріпті. Түсінде Алланың періштесі Жәбірейіл алейки салам (а.с.) аян беріпті: «Сіз өкінбеңіз, сіздің осы мұң-зарыңыз Аллаға жетті, ұйқыдан тұрғасын, Алладан Мұхаммедке дейін араңызды жалғастыратын ұрпақ сұраңыз және Мұхаммедке (с.а.у.) өтініш хат жазыңыз». Ұйқыдан тұра сала әлгі пақырыңыз: «Әй, Мұхаммед, мен сіздің дүниеге мың жылдан кейін соңғы пайғамбар болып келетініңізді өзге пайғамбарлардың кітабынан оқып білдім. Мен сізге ұрпақтарым арқылы сәлем жолдап жазып отырмын. Мен осы аманатым сізге жеткен күннен бастап сіздің үмбетіңіз болайын, Сіз менің қияметте, Алланың алдында сұрауға алғанда шапағатшым, жәрдемшім болыңыз», деп хат жазады. Сонымен арада бірнеше ғасыр мен қилы-қилы замандар өтеді. Бір күндері арманы орындалар уақыт жетіп, ата-бабасынан келе жатқан аманат сәлемін Үкашаға тапсыру бұйырылады. Көнекөз қариялардың айтуынша, бұл кісі де түс көреді. Түсінде Жәбірейіл періште аян береді: «Үкаша, тұр орныңнан, саған соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) бұдан мың жыл бұрын өткен бабаларыңның аманат етіп кеткен сәлем хатын жеткізетін күн туды, соңғы пайғамбарды Меккеден табасың», деп санадан ғайып болады. Содан Үкаша ұйқысынан тұрып, қуанышында шек болмай түйесіне мініп, көзден аққан жасы жүзін жуып, Меккеге сапар шегеді. Содан тау асып, теңіз кешіп жолда бірнеше уақыт жүріп, Мұхаммедті (с.а.у.) Үкаша Меккеден іздеп тауып, ислам дініне кіріп, мұсылмандықты қабылдайды. Ата-бабасының аманат етіп, ұрпақтан-ұрпаққа жазып тапсырған шежіре аманат сәлемін Мұхаммедке (с.а.у.) тапсырады. Үкаша атаның қуаныштан жылағанын көргенде Мұхаммед (с.а.у) те қосыла жылап, Үкашаның алғашқы хат жазған ата-бабаларынан Үкашаға дейінгі ұрпақтың мұсылман болуын Алладан жалбарына тілейді. Алла тағала Мұхаммедтің (с.а.у.) тілегін, дұғасын қабыл етті, Үкашаның мың жылдан бері өзіне дейін мұсылман болғанын, қияметте шапағатшы болатынын айтқан Мұхаммед (с.а.у.): «Сенің бүкіл ата-бабаларың да, өзің де менің қауымым, үмбетім болдыңдар», деп Үкашаға бата береді. Бұл аңыз біз сөз етіп отырған мақала кейіпкерінің ислам дініндегі маңызын нықтай түседі.
Шәді төре Жәңгірұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек Шайқысламұлы Үкаша ата жайлы біраз деректер қалдырған. Бұл кісілердің шығармаларында Үкаша атаның есімі Ғакаша деп беріледі. Бізге аңыз болып жеткен Үкаша сахаба жайында Ш. Уәлихановтың кітабында да (онда Оксе деген есіммен көрсетілген) айтылған. Осыған қарай отырып, Үкаша атаның ешқандай да аңыз ертегі емес тарихи тұлға, өмірде болғандығын аңғаруға болады.
Тағы бір деректі қоса кетейік. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайы ғылыми зерттеу бөлімінің мәліметінше, Үкаша сахаба біздің даламызға Ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға. Ол Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бір қатарда тұрады дейді.
Үкаша ата мазарының айналасына жаратқан түрлі-түсті бояуды шашып жібергендей. Тау етегін қып-қызыл шиедей доланамен көмкеріп қойған. Бау-бақша. Сыңғырлаған бұлақ суы. Бір-бірімен үйлесіп, сұлулығы одан әрі ұштасып жатыр. Жан-жағына жарық орнатылған. Үкаш ата кесенесінен батысқа қарай 600 метр жерде тереңдігі 22-25 метр болатын құдық бар. Құдықтың үстіне киіз үй тәріздес шағын құрылым салынған. Халық арасында Үкаша ата құдығының суы жер асты арқылы Меккедегі Зәм-зәм бұлағымен байланысады деген түсінік бар.
Түркі жұртының таңданысын тудырған бұл құдық жайлы қызықты деректер өте көп. Тіпті, күніне сан мыңдаған туристер келіп, құдықтан су алуға талпынады екен. Алайда, шелегін суға салған кез-келген пендеге су шыға бермейді. Бұл туралы зерттеушілер:
«...Бір жылдары Үкаша атаның басы түскен құдықтан аяқ асты бір тамшы су шықпай, бұған қоса, құдыққа салынған 70-80 шелек үзіліп, ішінде қалды. «Су көзі сарқылды ма?» деп құдыққа түскенде, адам айтса нанғысыз көріністің куәгері болған. Құдық тік емес, спираль тәрізді екен. Ал, 15 метрдей түскен соң, кенет биіктігі 12 метрдей, диаметрі 15 метр шамасындағы кең үңгірге тап боласың. Оның пішіні қазақ киіз үйіне өте ұқсас. Және бір таңқалатыны, үңгірдің түбі құп-құрғақ, тек бір шетінде мөп-мөлдір бұлақ ағып жатыр. Арнайы іздеп түскен шелектер өзен бетінде тізулі тұр екен. Құдықтың ішіндегі су шын мәнісінде құбылаға қарай ағады. Ал, оның бір жақ қабырғасында 10 метр биіктікте аппақ гүлдер жоғары қарай өрлей өскен. Құдықтың ішін кішігірім зерттегенде байқағаны, жоғарыдан қарағанда аядай болып көрінетін құдықтың ішінде бір емес, үш үңгір бар екен. Екеуі арғы бетінен дәу таспен бітелген. Ал, үшінші үңгір 4-5 метр жүрген соң тарылып, сыймай қаласың» деседі. Осылайша, құдыққа қауға салған кейбір адамға су шықпай, шелек құр қайтуының сыры да ашылғандай болыпты. Жоғарыдан тасталған шелек құдықтың бұрама жерінен өткенде шыркөбелек айналып, жердегі көк тасқа соғылады. Тас пен бұлақтың екі арасында тереңдігі 60-70 метрдей қазандық бар. Қасиетті құдықтың суы бұйырмаған адамның тастаған шелегі сол «қазанға» түсіп, бос қайтады екен де, ал, «ниеті дұрыс, жүрегі таза» адамның шелегі құдықтың екі жағындағы жырамен жылжып барып, бұлаққа жететін көрінеді.
Үкаша ата қалай қаза тапты?
Аңыздарды ақтарып қарасақ, соңғы Пайғамбардың күзетушісі болған Үкаша ата туралы көптеген мәліметтер бар. Мұхаммед Пайғамбар 61-ге толған кезде Жебрейіл періште келіп, «Пайғамбар ретінде міндетіңді атқардың, енді өз туысқандарыңның ортасында қарапайым болып ғұмыр кешесің» деген екен. Мұны естіген Алланың елшісі қарапайым пенде ретінде өмір сүре алмайтынын, ендігі көкке ұшып, Алланың қасына барғысы келетінін айтып, жалбарынады. Бұл тілегін Тәңірі қабыл етіп, Пайғамбар қоштасарда ағайын-туыс, дос-жаранның барлығын жинап, қарызы бар-жоғын сұрайды. Сонда Үкаша ата тұрып, ертеректе арқасының осқанын, соның өтеуін алғысы келетінін айтады. Киімін жоғары көтеріп, жауырынын тосқан Мұхаммед пайғамбардан 3 сәуле тарап, Үкаша атаға қонған екен. Осыдан кейін, ол шапса қылыш кеспейтін, атса оқ өтпейтін қасиетке ие болады. Үкаша ата ислам дінін таратумен белсене айналысқанын жоғарыда айтып өттік. Міне, ол бүгінгі қазақ жеріне келіп, дінді халыққа насихаттап жүргенде, дұшпандарын тым көбейтіп алады. Оның өлімін тілеушілерде сан жоқ еді. Үкаша атаның осал тұсы намаз оқып жатқанда, қылыш пен оқ өтпейтін қасиеті жоғалып кететіндігі еді. Осыны біліп алған дұшпандары, таң намазының үстінде басын шауып алған екен. Дегенмен, бас ешкімге ұстатпай, домалап, Алланың құдіретімен найзағай жарған құдыққа келіп, түсіп кетеді. Тарихшылардың айтуынша, сол құдық Меккедегі Зәмзәм бұлағымен жалғасып жатқан көрінеді. Оған дәлел – Үкаша атаның басы сол құдықтың түбінен табылып, Мұхаммед Пайғамбардың аяқ жағына арнайы жерленгендігі. Үкаша ата басының Алла елшісінің мүрдесінен төмен жатқанын Жаратқаннан шын сұраған екен дейді көнеден келе жатқан аңызда.

Жалғасы бар...
Нұрболат СӘДУАҚАСҰЛЫ